Атырау, 13 желтоқсан 22:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 522.91
€ 548.85
₽ 5.05

"Хоккей клубына төнген рейдерлiк – қазақ спортына төнген қауiп емес пе?". "Тимур Назханов: «Бүгінгі эконoмика шенеуніктердің баюына арналған»". "Елімізде бірыңғай банкоматтар желісін құру мүмкін бе?".

1 855 просмотра

BAQ.KZ. "Қыздардың жеңіл жүріске түсуіне кім кінәлі?" - Статистикалық мәліметтер бойынша жезөкшелік адам сату мен есірткі бизнесінен кейінгі үшінші орында екен. Жезөкшеліктің кең таралуына батыстың салқын саясаты да өз әсерін тигізіп отыр. Олар жасырын болса да қоғамда белгісіз топ құрып, жезөкшелікке қаржылай көмек қолын созады деген пікірлер де бар.

ZHASALASH.KZ. "Хоккей клубына төнген рейдерлiк – қазақ спортына төнген қауiп емес пе?" - «Еңбек» хоккей клубының құрылғанына он жылдан асыпты. Елiмiз бен шетелдерде өткен шайбалы хоккейден түрлi жеңiстерге қол жеткiзген бұл клубтың қазiргi жағдайы мәз емес. Жағдай дегенде команда құрамындағы хоккейшiлердiң осалдығы немесе клубтың өз iшiндегi проблемалары емес. Қазақ қоғамында қалыптасқан рейдерлiк әрекет «Еңбек» хоккей клубына да жасалып, бұл күндерi спортшылар әдiлдiк iздеп, табандарынан таусылып жүр екен. Бұл туралы хоккей клубының жетекшiсi Сергей Шавернев мәлiмдедi.  

AZATTYQ.ORG. "Ағайынды Царнаевтар АҚШ-та дүрбелең тудырды" - Ағайынды Царнаевтардың туысы 19 сәуір күні бірінші рет журналистер алдына шығып сөйледі. Өзін олардың немере ағасымын деп таныстырған Руслан Царни жарылыстан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, жараланған адамдардан кешірім өтінді. Ол Тамерлан мен Джохар Царнаевтарды "АҚШ-та орныға алмай төңірегіне жауыққан жол болмаған, сөйтіп жолы болғандарды жек көре бастаған адамдарға" теңеді.

"АҚШ: «Қазақстанда адам құқықтары жиі бұзылады»" - АҚШ үкіметінің әлемдегі адам құқықтарының жағдайына арналған биылғы есебінде Қазақстанда жемқорлық пен заңсыз сайлауға жол беріліп, азаматтардың құқығы мен бостандықтары өрескел түрде бұзылатындығы айтылған.

"Бостон жарылысына күдіктілердің әкесі «әділдік» іздемек" - Бостондағы жарылысқа күдіктілер – Джохар мен Тамерлан Царнаевтардың Махачкалада тұратын әкесі АҚШ-қа барып, «арнайы қызметтің құрбаны болған» ұлдары үшін әділдікке жететінін айтты.

ZHEBE.COM. "Көшпенді жұрттың рухы өлген жоқ" - Түркияның Ван  қаласының маңындағы Ұлыпамир ауылын қырғыз жасақтары қорғайды. Салт атты сарбаздар  ұзақ жылдар бойы ауылдың, тіпті  осы өңірдің тыныштығын күзетуде. Тау-тасты  паналаған террористер қырғыз сарбаздардан қатты сескенетін көрінеді.

JASQAZAQ.KZ. "Күлді де кәдеге жарату керек" - Үкімет ресейлік Троицк ГРЭС-іне 2016 жылдың аяғына дейін 12 млн тонна күл қалдығын Қостанай облысына әкеліп, төгуге рұқсат берді. Бұл туралы «Әділет» құқықтық- ақпарат сайтына сілтеме жасай отырып, Tengrinews.kz хабарлады. 

ABAI.KZ. "Тимур Назханов: «Бүгінгі эконoмика шенеуніктердің баюына арналған»" - "Кәсібін бастаған тұлғаға қалтасында табысы болмаса несие бермейді, қазіргі жағдайда жердің, жылжымайтын мүліктің құны түсіп кетті, өркениетті елдерде ауыл шаруашылығын көтеруге алғашқы үш жылға үстеме пайызсыз несие береді. Бізде ең аз дегенде 12-14 пайыз үстеме қосады, оған құжат дайындау үшін қаншама уақыт кетеді".

AIKYN.KZ. "Біздің мақсат – «бастық» сөзін тілден емес, ресми тізімнен алып тастау!" - Семинарда журналистер ел арасын­да үлкен резонанс туғызған «бастық» сөзі­­нің қолданыстан алынып тасталу мәсе­лесін де тереңінен сұрастырды. Бұған қатыс­ты Әлихан Бәйменов: «Жақсы сөз – жа­рым ырыс» дейді. Біздің мақсаты­мыз – «бас­тық» сөзін қазақ тілінен алып тастау емес. Бұл жұртқа түсіндіру бары­сында елге басқаша жеткізген адамдар­дың түсін­беу­шілігі. Мәселе – бұл сөзді ресми тізімнен, лауазымдар тізбесінен алып тастау» дей келе: «Қазір әлемдік басқару концеп­ция­ларында да жетек­шілік, көшбасшылық деген ұғымдар басым» екенін еске салды.

"Ауыл қазынасына қаржы салу қажет" - Естеріңізде болса, таяуда Ақордада өткен Кәсіпкерлер кеңесінің отырысында Қазақстан Көшбасшысы бизнесмендерге қайырылып, оларды енді өздерінің туған, кіндік қаны тамған жерге барып, қаржы салуға, өзін өсірген елмен енші бөлісуге шақырғаны бар. Кешегі жиында осы үндеудің сыры мәлім болды.

ALASHAINASY.KZ. "БҰҰ сарапшыларының есебінше, еңбек мигранттары Қазақстан экономикасына жылына $1,1 млрд кіріс әкеледі" - Бұл ретте еңбек мигранттары тапқан табыстарының бір бөлігін сол елде азық-түлікке, денсаулық сақтау саласына, көңіл көтеруге жарату арқылы сол елдің ІЖӨ-сін арттырады деп айтылады.

"Елімізде бірыңғай банкоматтар желісін құру мүмкін бе?" - «Ұлттық банк еліміздің екінші деңгейлі банктерінің банкомат­тарын сатып алып, республика бойынша бірыңғай әмбебап терминалдар орнатады». Еліміздің бас банкирі Григорий Марченконың бұл мәлімдемесі коммерциялық банктерді шалқасынан түсірмесе-дағы, оның көңілдеріне майдай жаға қоймағаны анық. Өйткені банкоматта жүргізілген әр операциясы үшін ақы алатын банктердің, бұл – белгілі бір деңгейде табыс әкелуші көзі болып табылады. Ал алдындағы дайын асты біреу тартып алып жатса, олар қалай жан ұшырмасын...

22 сәуір 2013, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.