Атырау, 27 қараша 19:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

​Стадиондағы шөл және финалдан қағылу

1 250 просмотра
Сурет: vk.com/fc_atyrau

8 шілдеде «Мұнайшы» стадионында футболдан Қазақстан Кубогының жартылай финалының қарымта ойыны өтті. Жергілікті «Атырау» «Тобылды» қабылдады. Еске сала кетсек,  алғашқы кездесуде 0:1 есебімен жеңіліп қалған мұнайшылар енді финалға шығу үшін кем дегенде бір голды қайтарып алып, сосын екіншісін соғуы керек болатын.

Ойында қақпаға бағытталған соққы көп болған жоқ, қонақтар берік қорғанып отырды, ал алаң иелерінің шешуші гол салуға күші жетпеді. Ойында қарсы шабуылдардың бірінде қонақтардың жолы болып кетті – бұрыштама соққысынан кейін «Тобылдың» қорғаушысы Иван РОГАЧ допты басымен «Атырау» қақпасының торына дәл тигізді. Бұл 60-минутта болды.

Матч барысында екі команда ойыншылары да осынау аптап ыстықта шөл қысып, ойын барысында әлсін-әлі су ішуге (төрешінің рұқсатымен, кейде рұқсатынсыз да) алаңдап отырды. Бірақ бұл түпкілікті нәтижені өзгертпеді – 1:0 есебімен жеңіске жеткен «Тобыл» командасы финалға шықты. Ал солармен қатар ойнаған әлдеқайда қызықты кездесуде «Ордабасы» (Шымкент) командасы «Астананы» жеңіп кетті.

Енді Кубоктың финалында «Тобыл» мен «Ордабасы» (қазіргі Кубок иегері) кездеседі, бірақ бұның енді бізге қатысы жоқ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

9 шілде 2023, 15:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.