Атырау, 27 қараша 19:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Аптап ыстық және шаңды дауыл: 9-10 шілдедегі Атыраудағы ауа райы

1 097 просмотра

Атырау облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

9 шілдеде Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус аптап ыстық сақталады. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

9 шілдеде күндіз Атырауда шаңды дауыл соғады деп күтілуде. Күндіз оңтүстік-шығыстан екпіні15-18 м/с жел соғады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

10 шілдеде күндіз Атырау облысының оңтүстігінде 42 градусқа дейін өте аптап ыстық сақталады.

Атырауда 9-10 шілдеде күндіз өте қатты 40-42 градус ыстық сақталады. 10 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

9 шілде 2023, 14:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.