Атырау, 23 қараша 18:13
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресей Украинаның Лиман қаласына шабуыл жасады

594 просмотра

Украинаның Донецк облысындағы Лиман қаласында Ресейдің ракеталық шабуылынан кемі алты адам қаза тауып, бес адам жараланған. Бұл туралы облыс әкімшілігінің басшысы Павел Кириленко хабарлады, деп жазады Аzattyq.org.

Кириленконың сөзінше, Ресей әскері Лиман қаласын 8 шілде таңғы 10-да дүркіндете ататын жүйемен шабуылдаған. Снарядтар үйлерге, дүкендерге түскен.

Сондай-ақ 8 шілдеге ауған түні Ресей Украина аумағына Shahed-136/131 дрондарымен де шабуыл жасаған. Бұл туралы Украина әуе күштері хабарлады. Украина бес дронды атып түсіргенін айтады.

"Шахед дрондары Днепропетровщина мен Кировоградщинадағы шаруашылық аумақтары мен инфраструктура объектілеріне түсті, қазірге дейінгі дерек бойынша қаза тапқандар жоқ" деп мәлімдеді Украина әскерінің бас штабы.

Ал Днепропетровск облысының басшысы Сергей Лысак Кривой Рог қаласында дрон шабуылынан 26 жастағы ер адам зардап шегіп, ауруханаға түскенін хабарлады. Шабуылдан бұл облыста екі жерде өрт шығып, бірнеше қойма бүлінген.

Соғыс кезінде тараптардың мәлімдемесін тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру қиын.

9 шілде 2023, 00:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.