Астана күніне орай ұйымдастырылып отырған спорттық дода екі күнге жалғасады. Оған 60-тан астам жасөспірім қатысып жатыр.
Байдарка есуге 2005-2008 жылғы жасөспірімдер 1000, 500, 200 м қашықтықта, 2009-2010 жылғы ұлдар 200 және 500 м, 2007-2010 жылғы қыздар 500, 200 м қашықтықта бақтарын сынайды.
Каноэ бойынша 2008-2010 жылғы ұлдар, 2008 жылғы және одан кіші қыздар 500,200 м қашықтықта жарысып жатыр.
Чемпионат облыстық байдаркада және каноэде есу спорты федерациясының, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткізіліп отыр.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суретті ӨКҚ жолдады