Атырау, 27 қараша 18:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Балақайлар ойын алаңын сұрайды

Сурет Бейнежазба
1 791 просмотра

- Апа, алыста ойын алаңы бар. Ал бізде жоқ. Ойнайтын жер салып беріңізші, мына жердегі жолда үлкен машиналардан ойнау мүмкін емес, - дейді Құлсарыда  тұратын Нұрмахмет атты балақай.

Айтса айтқандай, өзі тар көшеде ерсілі-қарсылы ағылған автокөліктен балалардың зықысы шыққан. Асыр салып ойнау мүмкін емес, көшенің бір жақ қапталында үйлер орналасса, ал екінші жақ беттегі үлкен сор алаңы қоқысқа толы. Сәбиін көтеріп, болмаса жетектеген аналар жинала бастады. Олардың сұрайтыны балаларға жағдай жасап, ойын алаңын салу.

- Біз Төртінші ауыл және «Автожолшылар» ықшамауданында тұрамыз. Бұл маңда жүздеген бала тұрады. Жаз бойы осы балалар тас жолда ойнап жүргені. Осы мәселені талай рет мәселе етіп көтеріп, арыз хат та жазылды. Төрт жыл бұрын осы хатымызға аудан басшысы «Таяу арада мына сорды көміп, замануи үлгідегі ойын алаңын салып береміз» деп жауап берді. Ол жергілікті «Құлсары» газетінде жарияланды. Алайда әкімдер ауысып, бұл уәделері орындалмады. Осы жердегі жиналған аналар үйде тыныш отыра алмайды, ағылған көлікке балалары ұрынып қала ма деп зәрелері жоқ. Балалардың тағдыры ешкімді ойлантпай ма, сонда, - дейді Құлсары қаласының тұрғыны Әбдіхалық СИСЕНБЕРДИЕВ.

Жылыой ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Ақмоншақ ӘБІЛХАСОВА:

- Осы көшеге жақын жерде ойын алаңы бар. Ал бұл маңға ойын алаңын салу жоспарланбаған. Білуімізше, тұрғындар оны қоғамдық кеңес жобасы арқылы өздері салуға дайын.

- Ал үлкен сорды қалай көмеді? 

- Егер тұрғындар келесі жылы ойын алаңын салуға ұсыныс білдірсе, топырағын төсеп беру жұмыстарына көмек беріледі.

Бұл жауаптан түсінгеніміз, Тауманов көшесінің балақайларына ойын алаңын ұзақ күтуіне тура келеді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

14 шілде 2023, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.