Атырау, 11 желтоқсан 05:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Сарайшық ауылында жиһаз цехы бар

1 101 просмотра

Бұл туралы Махамбет ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының басшысы Жексенбай ПАЗУЛОВТЫҢ айтуынша, кәсіпкер Ернар АХМЕТОВ Сарайшық ауылының тұрғыны. Цехта жиһаздың барлық түрі жасалады.

- 9 сыныпты аяқтаған соң Атырау қаласындағы агротехникалық колледжге оқуға түстім. Екінші курс оқып жүрген кезімде, жиһаз құрастыратын «Диар» компаниясына қара жұмысшы болып орналастым. Бір айдан кейін цех шебері атандым. Осы жерде 6 жыл еңбек етіп, тәжірибе жинадым. Кейін достарыммен бірге өз кәсібімізді ашуға бел будық. Қалада ғимаратты жалға алып, жұмыс жасадық. Енді өз үйімнің ауласынан ғимарат салып, ауылдан кәсіп бастап отырмын. Алдағы уақытта шағын бизнеске берілетін мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсібімді кеңейтпек ойым бар, - деді Е.Ахметов.

Кәсіпкердің айтуынша, жиһаздар тапсырысқа қарай дайындалады. Сондықтан олар әртүрлі болады. Егер тапсырыс көп болса, айына жиырма жиһаз жасауға мүмкіндік бар. Ал мұнда жергілікті үш адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді ұсынған ӨКҚ

3 шілде 2023, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.