Атырау, 27 қараша 20:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«Тобылды» басымдықпен жеңді

1 249 просмотра
«Атыраудың» бас бапкері Виталий ЖУКОВСКИЙ. Фото: vk.com/fc_atyrau

Футболдан ел чемпионатының 13-турында «Атырау» командасы өз алаңында қостанайлық «Тобылды» қабылдады.

Матч жауапсыз үш гол соққан алаң иелерінің айқын басымдылығымен өтті.

Бірінші таймға қосылған 4-минутта «Тобылдың» қорғаушысы Иван РОГАЧ «Атыраудың» жартылай қорғаушысы Демир ИМЕРИДІ өз айып алаңында қапы қалдырды, ал төреші Сергей НОЖЕНКО сенімді түрде «нүктені» көрсетті. Қақпашы Иван КОНОВАЛОВ пен допты екі бұрышқа жіберген пенальтиді зардап шегушінің өзі сенімді түрде орындады.

Алаң иелерінің келесі голына келсек, 57-минутта жартылай қорғаушы Евгений КОЗЛОВ оң қапталдан жылдам пас жасап, өзгенің айып алаңына жүгірген Нсунгуси ЭФФИОНГАҒА бойлай пас берді – ол абдырап қалмай, есепті 2:0-ге жеткізді. Жалпы, нигериялық легионер «Атырауда» қазір өте жақсы өнер көрсетіп жүр, бұл оның чемпионаттағы 5-голы.

Кездесу соңында қостанайлықтар не істерін білмей, алаңда шарқ ұрды. Үшінші гол соғылды. 80-минутта «Атыраудың» словениялық жартылай қорғаушысы Якоб НОВАК ұтымды комбинациядан кейін төменгі сол жақ бұрышқа айқын гол соқты. Есеп 3:0!

- Есеп алаңдағы ахуалды көрсетпейді, бұл ымырасыз күрес болды. Екі команда да жеңеміз деген жігермен шықты, жекпе-жек және байланыс ойындары көп болды, - деді матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында «Атыраудың» бас бапкері Виталий ЖУКОВСКИЙ. - Қазір бізде карточкаларға қатысты проблемалар бар, Эффионг келесі турға қатыса алмайды, тағы бірнеше жігіттің әрқайсысында 2-3 сары карточкадан бар... Бізде ешқандай масаттану сезімі жоқ, алға жылжып, Қазақстан кубогы аясында «Тобылға» қарсы келесі ойынға дайындалу керек.

Бұл чемпионаттың бірінші айналымының соңғы туры еді. Ал екінші айналым бір аптадан кейін басталады. Күнтізбе бойынша 14-турда «Тобыл» «мұнайшыларды» қабылдайды деп белгіленген. Қостанайлықтар есесін қайтара алар ма екен, көрейік. Тағы бір таңғаларлық жайт: көп ұзамай бұл командалар Қазақстан Кубогының жартылай финалында кездеседі! Алғашқы ойын 28 маусым, сәрсенбі күні Қостанайда өтеді.

Чемпионатқа келетін болсақ, бүгінде 21 ұпаймен «Атырау» турнирлік кестеде 6-орында; қазіргі жағдайда және осындай ойынмен команда тіпті УЕФА Конференциялар лигасына қатысу құқығын беретін үшінші орын үшін таласуы мүмкін. Ал чемпиондық үшін талас чемпионаттың басқа қатысушыларынан айтарлықтай ерекшеленген «Астана» мен Шымкенттің «Ордабасы» арасында ойналатын болар.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

26 маусым 2023, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.