Атырау, 26 желтоқсан 04:41
 ашықВ Атырау -7
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Губернатор "Вагнер" ЖӘК колоннасы Ростов-на-Донудан шыққанын растады

956 рет қаралды

Ростов облысының губернаторы Василий Голубев "Вагнер" ЖӘК колоннасы Ростов-на-Донудан шыққанын хабарлады. Бұл туралы ол өзінің ресми Telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін бірқатар ресейлік БАҚ "Вагнер" ЖӘК жауынгерлерінің Ростов-на-Донудағы Оңтүстік әскери округінің штабы маңындағы аумақтан кете бастағанын хабарлаған еді. 

Аймақ басшысы кейін олардың қаладан шығып кеткендерін айтты. 

"Вагнер" ЖӘК колоннасы Ростовтан шығып, өздерінің далалық лагерлеріне қарай бет алды", – деп жазды Голубев. 

Ол сондай-ақ Дон астанасы мен бүкіл Ростов облысындағы тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің үйлесімді жұмысын қамтамасыз еткендердің барлығына алғысын білдірді. 

Сондай-ақ РИА Новости Telegram арнасы "Вагнер" ЖӘК басшысы Евгений Пригожиннің де Ростов-на-Донудан кеткенін хабарлады. Тілшілер оның жол талғамайтын көлігімен қаладан шыққаны айтылған видео жариялады. 

Сондай-ақ тілішлер Ростов-на-Донудан ЖӘК әскери техникасы колоннасының қалай кетіп бара жатқанын көрсетті. 

25 маусым 2023, 07:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.