Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Евгений Пригожинге қатысты қылмыстық іс тоқтатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik.kz РИА Новости каналына сілтеме жасап.
Сондай-ақ Песков "Вагнер" басшысы Беларуське кететінін хабарлады.
"Пригожиннің Беларуське кете алатынына Ресей президентінің сөзі кепіл", - деп мәлімдеді Песков.
Оның айтуынша, жағдайды қан төкпей шешуге қол жеткізілді.
Бұған дейін Беларусь президентінің баспасөз қызметі Лукашенконың Путинмен келісе отырып, Пригожинмен келіссөз жүргізгенін хабарлады. Осыдан кейін "Вагнер" басшысы колонналарды артқа бұрып, жоспар бойынша даладағы лагерьлерге қайтатынын мәлім етті.