Әңгіме ҚР аумағында сатуға тыйым салынған «Добрая Буренка» сүті туралы болып отыр.
Бұл маркадағы сүт Кеден одағының «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптары бұзылғандықтан заңсыз деп танылған екен. Алайда, тыйым салынғанына және сүттің барлық қауіпсіздік нормалары мен талаптарына сәйкес келетінін дәлелдейтін рұқсат құжаттарының жоқтығына қарамастан, супермаркет оны Атырау тұрғындарына сатқан.
«Қара шаңырақ Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Лугзана БАЙЛАУОВАНЫҢ айтуынша, бірлестікке қатысушылар Құлманов көшесіндегі «Марко» супермаркетінен майлылығы 2,5%, 3,2%, 4%, 6% «Добрая буренка» сүтін сатып алып, чегін алып, оны Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне жолданған шағымға тіркеген.
Ондағылар, өз кезегінде, бұл өнімдерге сәйкестік декларациясының күші жойылғаны, яғни сатуға тыйым салынғаны тез арада белгілі болды. Супермаркетке ӘҚБтК-нің «Тауарды құжатсыз сату...» делінген 203-бабы бойынша 150 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы шығарылды.
Сірә, сүттер енді жеткізушіге қайтарылып, бұл сүт әлі «заңды» тұрған басқа елдерге сатылатын шығар.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА