Атырау, 27 қараша 21:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

АвтоХҚКО-дан репортаж: өзара шағымдар және ұзын-сонар кезек

Сурет Бейнежазба
1 234 просмотра

Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру 1 шілдеде аяқталады: сағаттап күтетін ұзын-сонар кезек көбейді. «Ақ Жайық» тілшісі іркіс-тіркіс боп тұрған көліктерді аралап, жүргізушілердің не айтып жатқанын тыңдауды жөн көрді.

Мен қызметкерлердің баяу жұмыс істеп жатқаны, сондықтан көп адам жұмыстан сұранып, жұмыстары мен шаруаларын тастауға мәжбүр болғаны туралы көп пікір естідім:

- Мен жаңа ғана келдім, мұндай үлкен кезек болады деп ойламадым, - дейді Грузия нөмірі бар көлік жүргізушісі ренішпен. – Бір терезеден ғана қызмет көрсетіп жатыр дейді... Шын ба екен? Сіз білмейсіз бе? Мұның бәрін мәдениетті жолмен жасауға болмай ма екен? Мысалы, процедураны жеңілдетіп дегендей. Қараңызшы, мына жерде жүздеген көлік бар! 1-іне дейін әлі уақыт бар екеніне қарамастан, көлік иелері реніш білдіріп жатыр. Бір күнде көлікті рәсімдеу мүмкін емес, бұған кем дегенде 3 күн қажет ...

-...Мұндай кезек болады деп ойламадым, - дейді тағы бір жүргізуші. - Біз анау жерден, мал базарының қасынан кезек алғанбыз, бір сағатта бірнеше метр ғана жылжыдық. Кезек соңындағы адамдарға қарап, жаның ашиды. Мен де келіп, тез өте қоямын деп ойладым, бірақ бүгін терезеге жетемін бе, жоқ па, білмеймін.

Мән-жайды анықтау мақсатында АвтоХҚКО басшысы Айбар ТӨЛЕГЕНОВКЕ жүгіндім.

- Дүйсенбіден бастап ұзын-сонар кезек пайда бола бастады, адамдардың көлікті заңдастыруға уақыты аз қалды. Бірақ олардың тіркелуіне бақандай 6 ай уақыттары болды ғой! Енді, міне, тақалғанда бәрі бір уақытта тіркемек болып отыр, – деп Төлегенов қынжылыспен.

Айтпақшы, көлік құралын тіркеуден бұрын сот-медициналық және салық қызметінің негізінде тексеруден өту керек: VIN коды мен автокөліктің мемлекеттік нөмірі, құжаттар, сондай-ақ көлікте криминалдық тарихының бар-жоғын анықтайды. Осы процедурада ең ұзақ уақыт алатыны осы соңғысы.

Атырау облыстық ПД бас криминалисті Болатбек МЕҢДІҒАЛИЕВ жүргізушілердің шын мәнінде әсірелеп жатқанына сенімді.

- Ұзақ ұстамаймыз, 4-5 минуттан аспайды, тексереміз, базаға енгіземіз. Арасында база жасамай қалуы мүмкін. Ал олардың тақалғанша жүргендеріне кім кінәлі?

Айнұр САПАРОВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

24 маусым 2023, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.