Атырау, 13 желтоқсан 05:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 522.91
€ 548.85
₽ 5.05

«Билік жүйесіндегі парламенттің рөлі мен орны қандай?». «Ас үйде әзiрленген бомба АҚШ-ты әбiгерге салды». «Путин журналистерді батыл әрі еркін болуға шақырды». «Ресей үлгісімен қазақ еліне тілдік талап енгізу қажет пе?».

2 227 просмотра

AIKYN.KZ. «Ресей үлгісімен қазақ еліне тілдік талап енгізуқажет пе?» - Жақында Ресейдің Мемлекеттік Думасы еңбек мигранттарына орыс тілі, Ресей тарихы мен заңнама негіздерінен емтихан тапсыруды міндеттейтін заңды бірінші оқылымда-ақ қабылдап тастады. 2015 жылдың қаңтарынан бастап көрші елге тұруға, не жұмыс істеуге келген әрбір шетелдік аталған талаптарды орындауы тиіс. Арнайы оқу орындары емтихан тапсырғандардың қолына сертификат береді деп жоспарланған. 5 жылға жарамды құжаттың құны – 5 мың рубльден (24050 теңге) басталады.

ALASHAINASY.KZ. «Елімізде жоғары оқу орындарына түсе алмағандарға шетелдіктер неге құмар?!» - Инженер-техник – тек Қазақстанда, тіпті ТМД елдерінде ғана емес, бүкіл әлемде тапшы мамандық. Мысалы, БҰҰ-ның мыңжылдық даму мақсатын орындау үшін Жер шарының Африка бөлігіне 2,5 миллион жаңа инженер мен техник қажет екен. Дамушы елдерді айтпағанда, ататегінен осы мамандықты мұра етіп келе жатқан, инновациялық экономикасымен жаһанға үлгі Германияның еңбек нарығында бүгінде 14 000 инженерге деген сұраныс қанағаттандырылмай отырған көрінеді.

BNEWS.KZ. «Путин журналистерді батыл әрі еркін болуға шақырды» - Ресей Президенті Владимир Путин Ресейде қазір бұқаралық ақпарат құралдарының белсенді әрі жауапты ұстанымы мен батыл әрі тәуелсіз журналитика зор сұраныста екенін атап өтті. 

ZHASALASH.KZ. «Ас үйде әзiрленген бомба АҚШ-ты әбiгерге салды» - Он бiр жарым жыл бойы мүлгiген тыныштықта өмiр сүрген АҚШ-тың шырқы бұзылды. Патриот күнiне орай Бостон қаласында ұйымдастырылған марафон кезiнде болған екi жарылыстан 3 адам қаза тауып, кемiнде 176 адам жараланды. Арада бiр сағат өткенде Джон Кеннеди атындағы кiтапханада тағы бiр жарылыс жасалды. Абырой болғанда жазым болғандар жоқ. Лаңкестiктi зерттеуге тайлы-тұяғымен жұмылдырылған АҚШ-тың арнайы қызмет органдары терактiнi кiм ұйымдастырғанын әлi күнге дейiн анықтай алмай отыр.

ZHEBE.COM. «Шектік баға шығынға ұшыратып отыр» - Мұндай мәлімдемені «Қазақстан отын қауымдастығы 1» жариялап отыр. Жариялап қана қоймай, ҚР Мұнай және газ министрлігінің алдына мәселені төтесінен қойды. Аталмыш қауымдастықтың басқарма төрағасы Болат Әуетаевтың айтуынша, бөлшектеп сатушылар шығынға ұшырама-уы үшін, көтерме саудалау нарығын қалайда ретке келтіру керек.

SERKE.ORG. «Әйелді көшеде көлікпен сүйреткен кім?» - Полицейлер бұл жан түршігерлік оқиға 2013 жылғы 6 наурызда болғанын анықтады. Кеше Youtube-та Алматының орталық көшелерінің бірінде автокөлік тас жол бойымен қызды «сүйреген» видео шықты. Видеодан 187 АЕ 02 мемлекеттік нөмірі бар Daewoo Nexia көлігі Абай даңғылына қозғалысқа шыққаны, ал оның жүк салғышының астында айғайлап көмекке шақырған қыздың жатқаны көрінеді.

ABAI.KZ. "Жаңа заман «жырауы»" - Белгілі тележурналист Серік Жанболат: «Табылдың ерекшелігі - жыраулық дәстүрдегі рухты бүгінгі заманға бейімдегендігінде. Оның гитарасы қазақтың рухымен сөйледі. Ақындығы бар, орындаушылығы бар, сазгерлігі бар осының бәрі қосылған кезде нағыз жыраулық дәстүрдің бүгінгі заманғы бейнесі емес пе? Қазақтың жыраулық дәстүрі эпостарда, дастандарда неге қалып қоюы керек? Ерлік, өрлік рухы бүгінгі заманға бейімделуі керек. Табыл соның бастауында тұр».

MASA.KZ. «Көкпар - қазақтікі. 10 ел осылай деп мойындады...» - KTK тілшілерінің хабарлауынша, құрамына 10 мемлекет кіретін халықаралық «Көкпар» федерациясы құрылып, оған қазақ тарапы жетекшілік етпек. Аталмыш жиын қасиетті Тараз қаласында өтсе де, «Көкпаршылардың» Бас штабы Астана қаласында болады. Тіпті күзге салым, жүлде қоры 1 млн. доллар болатын Азияның ашық чемпионаты ұйымдастырылатын көрінеді.

SHYN.KZ. «Құркөлдегі қанды оқиғаға кім кінәлі?» - «Ақсу ауылдық аумағына қарасты Құркөл ауылында 32 жастағы ана өзінің 4 айлық баласын пышақтап өлтіріп, 7 жастағы баласын жаралаған. Сосын қораға барып, асылып өліп қалған» деген деректі облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Баян Мағзұмова жеткізді. Полицейлер сонымен қатар баласын өлтірген ананың осыдан төрт ай бұрын босанғаннан кейін жүйкесіне өзгеріс түсіп, Павлодардағы психикалық диспансерде емделіп шыққанын айтады.

JAQSY.KZ. «Еуропа – мұсылман құрлығы» - Бұл коэффициенттер нені білдіретінін түсіндіріп өтейік. Мәселен, бір жанұяда 1 ғана ұл болатын болса, ол тек әкесінің орнын басады. Екінші бір отбасында 1 қыз ғана болатын болса, ол тек анасының орнын басады (коэффициент – 1,0). Дәл осы қарқын тағы бір ұрпақта қайталанса, немерелер саны ата-әжесінен 4 есе азаяды. Яғни 50-60 жылдан соң, 2 отбасы толықтай жер бетінен жоғалады деген сөз. Ал егер әр шаңырақта екі баладан болса (коэффициент – 2,0), олар тек ата-анасының ғана орнын басады. Ал демографиялық тұрғыдан ұлт өспейді.

QAMSHY.KZ. «Билік жүйесіндегі парламенттің рөлі мен орны қандай?» - Еліміздегі парламентаризмнің қалыптасуы, мемлекетіміздің саяси дамуының заңды жалғасы десек қателеспейміз. Мемлекеттің жоғары өкілетті органы болып саналатын, заңнамалық міндеттерді орындайтын Республика парламенті күрделі даму жолынан өтіп, бүгінде білікті органға айналды. Соған қарамастан, «Қазақстан парламентаризмі қазіргі таңда халықтың мүддесін қорғайтын, жоғары дәрежелі, өкілетті органға айнала алды ма?» деген сауал алдымыздан жиі шығады. Тіпті, «Қазіргі парламенттің қолында бақылау функциясы жоқ» деген пікірлер де бар.

EGEMEN.KZ. «Зейнетақы жүйесі: Ортақ + Міндетті + Ерікті» - ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Дина ҒАЛИЕВА: "Жеке зейнетақы шоттарының жүйесі өзгермейді. Барлық жинақ ақша бұрынғысынша жеке шоттарда толық көлемде сақталатын болады. Әрбір жеке шот ЖЗҚ-мен және МЗТО-мен (мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы) салыстырып тексергеннен кейін БЖЗҚ-ға ауыстырылатын болады. Бұл ретте салымшының зейнеткерлікке шыққан кездегі инфляция деңгейі ескерілген зейнетақы жарналарын өтеу жөніндегі мемлекеттің кепілдігі де сақталып қалады".

AZATTYQ.ORG. «Шенеуніктердің туыстары иеленген жер аттары» - Соңғы жылдары атауы өзгерген көшелердің бірқатарына лауазымды тұлғалардың туыстарының есімдері беріліп жүр. Мәселен, премьер-министрдің қазіргі бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың әкесі, Ленин орденінің кавалері Әбдір Сағынтаевтың есімі Жамбыл облысы Талас ауданындағы мектептердің біріне берілген.

18 сәуір 2013, 14:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.