Атырау, 27 қараша 21:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Бекарыстың сабын патшалығы

Сурет
1 423 просмотра

Жылыойлық 29 жастағы кәсіпкер Бекарыс ЖҰҚАТАЕВ кір сабын өнімін шығарумен айналысып отыр.

Кәсіпті бастағанына көп уақыт болмаса да, өз тұтынушыларын тауып үлгерген. Ол күніне мың дана кір сабын, қажет болған жағдайда екі мыңға дейін шығарады. Қазіргі таңда аудан базарындағы дүкендердің көпшілігінен «Jylyoi Soap» өнімдерін табуға болады. Оның бағасы сабынның салмағына және арнайы қаптауына қарай - 100 теңгеден басталып, 250 теңгеге дейін.

- Бұл саланы бес жыл бойына зерттедім. Сондықтан кәсіпті бастау аса қиынға соққан жоқ. Алда басқа да сабын өнімдерін, мәселен сұйық және иіс сабын түрлерін шығаруды жоспарлап қойдым. Бұл үшін үкіметтен бөлінетін грант қажет, - деді Б.Жұқатаев.

Ол сабын жасайтын арнайы аппаратты Ақтау қаласынан алдыртқан. Ал сабын жасауға қажетті тоң май мен күнбағыс майын алғашында Алматы облысынан алған болса, қазір өз өңірімізден алып отыр.

Дайындалған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған суреттер

23 маусым 2023, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.