Атырау, 27 қараша 21:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атырау облысында 2,5 жылда 12 мектептің құрылысы салынады

1 273 просмотра

Биыл облыста «Самұрық Қазына» АҚ-ның қолдауымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 12 мектепті салу жұмысы жоспарланып отыр.

Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген ҚҰСАЙЫНОВ брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

2023-2025 жылдар аралығында 300 орындықтан 2000 орындыққа дейін жететін 12 мектептің құрылыс жобасы іске қосылады.

- Білім беру сапасының артуына бірден-бір себеп – білім ордаларының көбірек бой көтеруі. Мемлекетіміз бен болашақ жас ұрпақтың арасындағы байланыс өте зор, - деді Н.Құсайынов. - 2023-2025 жылдар аралығында облыста 12 мектеп салуды көздеп отырмыз. Атап айтар болсақ, Жұлдыз-2, Жұлдыз-3, Ақсай-2 ауылында 900 орындық 3 мектепті салу. Сондай-ақ облыс бойынша 1200 орынды 3 мектеп, 600 орынды 3 мектеп, 300 орындықты 1 мектеп және 2000 орындық 2 мектепті салуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, бюджет қаражаты есебінен Исатай ауданы Аққыстау селосында 250 орындық өнер мектебінің құрылысы, Мақат ауданы Доссор кентіндегі Мұнай және Газ технологиялық колледжінің дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылыстары жүріп жатыр. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған сурет

23 маусым 2023, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.