Атырау, 27 қараша 21:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Талдыкөлде жарық, жол, көлік тұрағы болады

1 078 просмотра

Талдыкөл ауылының 6,2 шақырым кірме жолына күрделі жөндеу жасалады.

«Кірме жолға жөндеу жүргізуді халық көп жылдан бері сұрап келеді. Өткен жылы барлық жобалық құжаттамалары аяқталды. Биыл жөндеу жұмыстары басталғалы отыр, - деді Талдыкөл ауылдық округінің әкімі Сейілбек ЗҰЛҚАШЕВ. – Бұдан басқа, кірме ауылішілік жолдар салынады, көше жарығы тартылып, балабақшаның алдына көлік тұрағы салынады.

 Аудандық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Сырымбет КЕНЖЕБАЕВТЫҢ айтуынша, осы жылдың тамыз айына дейін мемлекеттік сатып алу жүргізу, мердігерді анықтау жұмыстары жасалады. Құрылыс жұмыстары қыркүйек айында басталады деп жоспарланды. Жұмыстың аяқталу мерзімі 8 ай.

Жобаның жалпы құны 2 млрд 59 млн теңге. Биылға облыстық бюджеттен 302 млн теңге қаржы қаралған.

Айта кетейік, Талдыкөл ауылында 1200-ден астам тұрғын бар. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған сурет

23 маусым 2023, 15:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.