22 маусымда облыс әкімі Серік ШӘПКЕНОВ «Алтын белгі» иегерлерін қабылдап, оларды марапаттарымен құттықтады.
- Бүгін біздің аялап өсірген ұл-қыздарымыз өзінің өмір жолындағы ең басты қадамын басқалы отыр. «Мен жастарға сенемін» демекші, біріңіз атақты ғалым, біріңіз мемлекетімізге абыройлы қызмет ететін қоғам қайраткері болуыңызға тілекшімін. Қымбатты ата-аналар! Бұл көптен күткен сәт. Бала өсірген соң, оған сапалы білім беру басты мақсатымыз болды. Ақ сүтіңіз ақталып, ұл-қыздарыңыз абырой биігінен көрініп отыр. Сіздердің бұл еңбегіңізге алғысым шексіз! Сонымен қатар, бала жанының бағбаны болған ұстаздардың еңбегі өлшеусіз. Атыңызды оздырып, елінің намысын қорғар шәкірттеріңіз көп болсын! - деді С.Шәпкенов.
Жиында өңір басшысы 159 түлекке «Алтын белгі» төсбелгісін тағып, облыс әкімінің Алғыс хатын табыс етті.
Анықтама үшін: осы оқу жылы 211 мектепте 6 081 оқушы 11 сыныпты аяқтады.
Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
ӨКҚ жолдаған суреттер