Атырау, 30 қыркүйек 18:33
 ашықВ Атырау +11
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Атырау облысында жастарға терроризмді насихаттаған топ ұсталды

1 199 просмотра

Атырау облысында жастарға терроризмді насихаттаған 4 адамдық топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • «Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының, Құрманғазы аудандық полиция бөлімі мен «Арлан» арнайы жасағының қызметкерлері 16 маусым күні сағат 7:30 шамасында терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген 4 адамды ұстады. Күдіктілер – Құрманғазы ауданының 39, 35 және 33 жастағы тұрғындары. Ұсталған күдіктілердің бәрі Құрманғазы ауданының жастарына теріс жат ағымның ілімін насихаттағаны үшін бақылауға алынған. Олардың тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде Қазақстан аумағында таратуға тыйым салынған діни әдебиеттер мен түрлі насихаттық жадынамалар, ұялы телефондар мен 2 пышақ тәркіленді. Айғақ заттардың бәрі қылмыстық іске тіркелді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

    Қазір полиция қызметкерлері ұсталған күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабымен (Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

  • 22 маусым 2023, 12:35

    Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

    Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.