Атырау, 23 маусым 21:05
 дождьВ Атырау +27.9
$ 487.01
€ 557.87
₽ 6.59

​Жұмыспен қамту орталықтарының орнына «мансап орталықтары» құрылды

2 500 рет қаралды

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 9 маусымдағы №90 облыс әкімдігінің қаулысымен «Атырау облысы бойынша еңбек мобильдігі орталығы» КМК құрылды. 

Ал 1 шілдеден бастап Атырау мен аудандарда олардың филиалдары «мансаптық орталықтарға» айналдырылады. Бұл туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат МӘМБЕТОВ брифингте мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Еңбек мобильдігі орталығының директоры лауазымына 6 айлық сынақ мерзімімен Қайрат ОМАРОВ тағайындалды, - деді А.Мәмбетов. - Мекеме халықты жұмыспен қамту қызметінің сапасын арттыруға бағытталған.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

22 маусым 2023, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.