Атырау, 27 қараша 21:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Өзекті мәселелер - жол, тұрғын үй, су

Сурет
1 082 просмотра

Бүгін, 22 маусымда Атырау облысының әкімі Серік ШӘПКЕНОВ қала тұрғындарымен кездесіп, олардың өтініш-тілектерін тыңдады.

Алдымен аймақ басшысы Атырауда атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Мұнда Балықшы ықшам ауданына жол салу мәселесі өзекті.

Ең басты мәселе - жол. Бүгінде қаладағы ішкі жолдың 10%-ы қанағатсыз жағдайда. Атырау мен Құлсары қаласына ішкі жолдар салу мәселесі  күн тәртібінен түспей келеді. Жол жөндеу кезінде алдымен әлеуметтік нысандар орналасқан орталық көшелерге, кейін қалғанына асфальт төсегенімізді өздеріңіз білесіздер. Сол кезде жолдар салынбай қалған көшелер бар. Алдағы уақытта 50 шақырым жолдың құрылысын жүргізу үшін құжаттама жасалып жатыр. Балықшы ықшамауданындағы Абай көшесінің бойындағы жол жөндеу жұмыстары аяқталып келеді. Қожақаев көшесіне асфальт төсеу үшін жасалған жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтті. Бұған қоса, осы көшенің бойындағы екі қабатты апатты үйлер сүріліп, орнына сквер салу туралы қала әкімдігі ұсыныс енгізді, - деді С.Шәпкенов.

Жиында қала тұрғындары жер беру, әлеуметтік көмек алу, тұрғын үймен қамтамасыз ету, ауыз сумен, жұмыспен қамту, байланыс желісінің сапасын арттыру, жолдарды қайта қалпына келтіру сынды мәселелерді көтерді.

Өңір басшысы кездесуде айтылған барлық мәселе жіті бақылауында болатынын, проблемалар заң аясында шешімін табатынын айтты.

Кейін 30-дан астам азаматты жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Серік Шәпкенов кездесуде айтылған барлық мәселе жіті бақылауында болатынын, проблемалар заң аясында шешімін табатынын айтты.

Кездесу  қала әкімдігінің Facebook, Instagram желісіндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде жүргізілді.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған суреттер

22 маусым 2023, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.