Атырау, 27 қараша 21:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Алдымен Ресейде жазасын өтейді

1 030 просмотра

Атырау облысы аумағында 19-25 маусым аралығында «Заңсыз келуші-2023» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Полицейлер 2018 жылдан бері іздеуде жүрген 42 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады.

Ол 3 маусымда Қазақстан шекарасына өтіп, жұмысқа орналасу үшін құжат тапсыруға Атырау қалалық көші-қон қызмет бөліміне келген кезде анықталды. Ол РФ Қылмыстық Кодексінің 322-бабы («Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту») бойынша іздеуде жүрген.

Қылмыскер ұсталып, криминалдық полиция басқармасына тапсырылды. Ресейде оны 200 мың рубльге дейін айыппұл немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Атырау облысы полиция департаменті жолдаған сурет

21 маусым 2023, 12:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.