Атырау, 27 қараша 21:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Шегірткеден қорғау үшін өңделеді

Сурет
1 402 просмотра

Құрманғазы және Исатай аудандарында 28 200 гектар жер шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі.  Бұл туралы Агроөнеркәсіптік кешені мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушысы Руслан ШҰҒАЙЫПОВ мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазір итальяндық шегірткеге қарсы 5600 гектар жер толықтай өңдеуден өткен. Ал қалған жерге азиялық шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізіледі.

- Егін алқаптарын алматылық «Авиасила» ЖШС аса жеңіл авиациямен және оралдық «Магтоксин» желдеткіш бүріккішпен өңдеп жатырмыз, - деді Р. Шұғайыпов. – Бұдан басқа, Атыраудың Кеңөзек ауылдық округінің каналдары маңында 500 гектар жерде азиялық шегірткелер уланады.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған сурет

21 маусым 2023, 13:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.