Атырау, 27 қараша 21:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Көлік салығы бойынша берешек көп

Сурет
971 просмотра

Жергілікті салықтар, оның ішінде көлік салығы бойынша жыл басында 6486 адам 200 млн 647 мың теңге берешек болса, қазір бұл көрсеткіш 10 868 адамға артып, 312 млн 842 мың теңге берешекті құрап отыр. Бұл туралы Атырау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Нұрболат САРМАНОВ баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазір азаматтар салықты бұрынғыдай банк органдарына келмей-ақ, «е-Salyq Azamat» және «e-Salyq Business» мобильді қосымшалары арқылы төлей алады.

- Кірістер органы негізінен оның есептелуі мен уақтылы төленуіне аса қатты мән береді және бақылайды. Көлік салығының берешегі көп. Алдағы уақытта жергілікті полиция өкілдері және сот орындаушыларымен бірлесіп, рейдтік шаралар жүргізіледі. Көлік салығына сот орындаушылары арқылы мәжбүрлеп өндіргені үшін қосымша 25% ақы алынады, - деді Н.Сарманов. Бұдан басқа, оның айтуынша, такси қызметіне байланысты «Яндекс» және «Индрайвер» желісіндегі компаниялармен кірістер комитеті екеуара келісімшарт жасап, салық төлеу қосымшасын жасақтады. Ол 1 шілдеден бастап іске қосылады. Қосымша арқылы азаматтар онлайн түрде салық төлей алады. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған суреттер

21 маусым 2023, 12:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.