Әлеуметтік желіде Атырауда жасөспірімді топ болып ұрып-соғып жатқан видео пайда болды. Полиция департаментінің баспасөз қызметінің бізге хабарлауынша, 18 маусымға қараған түні сағат 01:30-да полицияға бір топ жасөспірім көпірлердің бірінің маңында төбелесу үшін жиналғаны туралы сигнал түскен. Нәтижесінде 13 адам №1 қалалық полиция бөліміне жеткізілді.
Полицияның мәліметінше, оларда ешқандай дене жарақаты болмады.
11 жасөспірімге қатысты Р ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-тармағы («Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін тұрғынжайдан тыс жерде болуы») бойынша хаттамалар жасалды, 334-бап («Ұсақ бұзақылық») бойынша тағы екі хаттама толтырылды.
- Іс материалдары шешім шығару үшін әкімшілік сотқа жолданды. Ата-аналарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Айнұр САПАРОВА