Атырау, 27 қараша 21:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атырауда тағы бір мұз айдыны салынады

Сурет
954 просмотра

Соңғы жылдары Атырауда қысқы спорт түрлеріне қызығушылық танытатындардың қатары өсіп, хоккей мен мәнерлеп сырғанаудың қатарына кёрлинг қосылған. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Марат МУРЗИЕВТІҢ спортшылармен бас қосқан жиынында айтылды.

Жалпы отырыс ашық микрофон форматында өтіп, М. Мурзиев қатысушылардың пікірін тыңдады.

Өңірде спорт саласы жақсы дамып келеді. Бірақ кедергі туғызатын жайттар да жоқ емес. Мәселен, бұрын қысқы спорт, соның ішінде мұз үстіндегі спорт түрлері жоқтың қасы болатын. Атырауда мұз айдыны жалғыз. Бәрі бір уақытта, бірдей дайындалу қиынға соғады. Оның үстіне қолданыстағы мұз айдыны жаңа стандарттарға сәйкес келмейді. Сол себепті қосымша мұз айдыны қажет, - деді кёрлинг федерациясының президенті Айбар ЕСЕНҒАЛИЕВ.

Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржауған ТӨЛЕУОВАНЫҢ айтуынша, қосымша мұз айдынын салу үшін жер телімі қарастырылған. Алдағы уақытта құрылыс стандарты бекітілгеннен кейін жобалау жұмыстары жүргізілетін болады.

Бұдан бөлек жиында спорт саласындағы өзге де проблемалық мәселелер талқыланды. Айталық, қазір өңірде ескек есу спорты кенжелеп қалған. Оған жауаптылар жаттықтырушылардың жетіспеушілігі себеп екенін айып отыр. Сондай-ақ, балаларға арналған спорт мектептерінің қазіргі жағдайы талқыға түсті.

Балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту мақсатында облыс бойынша 31 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасайды. Өткен жылдың аяғында 14 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі спорттық базамен жабдықталып, нәтижесінде спортпен шұғылданушы балалар саны 2500-ге көбейіп, 18000 балалар мен жасөспірімдер жүйелі түрде спортпен тегін айналысып жүр. Болашағынан үміт күттіретін 370 спортшы Олимпиадалық резервті даярлау орталығында бөлек бапталады. 11 олимпиадалық спорт түрінен бөлімшелер жұмыс жасайды, - деді Н.Төлеуова.

Оның айтуынша, 2027 жылға дейін кешенді жоспарлар мен мемлекеттік бағдарламалар аясында облыста 26 жаңа спорт кешені салынбақ. Басқарманың мәліметіне сүйенсек, Атырауда жыл басынан бері  екі спортшы ҚР Халықаралық дәрежедегі  спорт шебері және 32 спортшы ҚР спорт шебері атағын алған. 167 спортшы ҚР спорт шеберлігіне үміткер.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

ӨКҚ жолдаған суреттер

20 маусым 2023, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.