Атырау, 25 сәуір 08:30
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Екінші кезеңде - «KEGOC»

809 просмотра

"Қазпошта» АҚ Атырау филиалы «Халықтық ІРО» бағдарламасының екінші кезеңіне дайындықты бастады.  Бұл жолы құнды қағаздар нарығына «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» акционерлік қоғамы шығуы тиіс.

Қанша акцияның қандай бағамен сатылатындығы әзірге белгісіз. Қазір «KEGOC» компаниясында толық қарқынмен аудит жүргізілуде.

- «Халықтық ІРО»-ның екінші кезеңіне дайындалғанда, бірінші кезеңде байқалған барлық кемшіліктерді ескеруге тиіспіз. Қазір біздің операторлардың және барлық нысандардың әзірлігі тексерілуде. Кеңесшілер осы мақсатта төрт ауданды аралап шықты, - дейді «Қазпошта» АҚ АФ-ның қаржылық қызмет бөлімінің бастығы Алтынай САМИЕВА. - Өткен жолы операциялар жүргізілетін портал дұрыс жұмыс істемеді. Адамдарға өте  ұзақ уақыт қызмет көрсетуге тура келді. Бұл жолы бүкіл брокерлік операциялар жеке серверге ауыстырылады.

«Қазпошта» филиалындағы-лар Атырау облысында бірінші кезеңде брокерлік қызмет көрсетуге 1612 келісімшарт жасалып, 270 млн теңгеден астам сомаға «ҚазТрансойл» компаниясының қарапайым акциясын сатып алуға 1574 клиенттік тапсырыс жасалғанын атап өтті.

- Қазіргі кезде құнды қағаздар нарығында «ҚТО» акцияларының бағасы бір акцияға 725 теңгеден825 теңгеге дейін өсіп кетті. Акцияларды қайталама нарықта сатқысы келетіндер бар. Бірақ бұл жаппай сипатқа ие емес. Шамамен мамырда «ҚТО» акционерлерінің жиналысы өтуі тиіс. Онда дивидендтерді бөлу бойынша шешімдер қабылданатын болады. Акция сатып алған адамдар қазір алғашқы дивидендтерін күтуде, - деп атап өтті А. Самиева.  

Тамара СУХОМЛИНОВА

18 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.