Атырау, 11 қараша 21:49
 дождьВ Атырау +3.9
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41

Доссор тас жолында болған апаттан төрт адам қаза тапты

Бейнежазба
2 084 рет қаралды

17 маусымда күндіз Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 10-шақырым тұсында Lada Priora және Toyota Camry автокөліктері соқтығысты.  

Соққы салдарынан Lada Priora автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі мен оның 22 жастағы жолаушысы, сондай-ақ, Toyota Camry көлігінің 51 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, сәл кейін көлік жүргізушісі  алған дене жарақаттары салдарынан ауруханада қаза тапты.

 Toyota Camry көлігінің 2 жолаушысы түрлі дене жарақатымен Мақат аудандық ауруханаға жеткізілді. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ПД жолдаған сурет пен бейнежазба

18 маусым 2023, 13:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.