Атырау, 27 қараша 22:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атыраулық кәсіпкердің шотынан мемлекеттік мекеме негізсіз ақша алған

1 045 просмотра

Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне және өңірлік кәсіпкерлер палатасына ЖШС басшысы басқа кәсіпорын алдындағы дебиторлық берешекті өтеу үшін ЖШС шотынан 41,8 млн. теңгені негізсіз өндіріп алған Атырау қаласы Мемлекеттік кірістер басқармасының заңсыз әрекеттеріне шағымданды, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті.

Бұл ретте іс жүзінде ешқандай дебиторлық берешек болған жоқ. Шенеуніктердің заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде кәсіпкер 42 қызметкерге жалақы, салық төлей алмады және келісім шарттық міндеттемелерді орындай алмады.

Өз кезегінде, облыстың Антикор қызметі ұйымдастырған мемлекеттік кірістер департаменті мен өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшылығымен кездесудің нәтижесінде заңсыз алынған қаражатты қайтару жөнінде оң шешім қабылданды. Бүгінгі таңда кәсіпкерге қаражатты қайтару рәсімі жүргізіліп жатыр.

16 маусым 2023, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.