Атырау, 27 қараша 22:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атырау облысында медицина қызметкерлері үшін тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды

Сурет
1 096 просмотра

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік ШАПКЕНОВ ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Өңірде денсаулық сақтау саласындағы басты проблемалардың бірі - кадр мәселесі. Жергілікті билік оны шешу үшін жан-жақты жұмыс жүргізуде. Мысалы, биылдан бастап облысқа басқа өңірлерден жұмысқа келетін медицина мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бағдарламасы жұмыс істейді. Атап айтқанда, біржолғы материалдық көмектің мөлшері ұлғайтылды: қалада – 3 млн теңгеге дейін, ауылдық жерлерде – 5 млн теңгеге дейін. Бұдан басқа, өңірімізде ғана жүзеге асырылатын арнайы бағдарлама бойынша дәрігерлер «Отбасы Банк» АҚ жергілікті филиалы арқылы кепілсіз және жылдық 5%-бен тұрғын үй сатып алуға қатыса алады. Әлеуметтік қолдау шараларынан бөлек дәрігерлердің біліктілігін арттыруға көңіл бөлінеді. Ол үшін Атырауға алыс және жақын шет елдерден, сондай-ақ республикалық клиникалардан жергілікті кадрларды оқыту үшін мамандар шақырылады.

С.Шәпкенов Атырау облысының денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі бес жылдық тұжырымдамасын әзірлеу басталғанын хабарлады. Ол инфрақұрылымды дамытуға, кадрлар тапшылығын төмендетуге және медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ медициналық көмектің көлемін кеңейтуге бағытталған.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған сурет

16 маусым 2023, 22:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.