Атырау, 27 қараша 21:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ұңғымаға бұранда қондырса, шаруаларға да жақсы

1 027 просмотра

Облыс әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің төрағалығымен өткен жиында ысырап болып өздігінен далаға ағып жатқан гидрогеологиялық ұңғымаларды жоюға қатысты мәселе талқыланды.

Облыс аумағында осындай 180 ұңғыма анықталып, мемлекеттік кадастрға тіркелген, оның 177 Жылыой ауданына тиесілі. Ұңғымалардың жалпы санынан 123-і міндетті түрде жоюға жатса, қалған 57 ұңғымасы Жылыой ауданы тұрындарының сұранысы бойынша аузына ашып-жабатын бұранда қондырылған. 

2021 жылы 26,5 млн теңгеге Жылыой ауданындағы 68 ұңғыманы жоюға жобалық сметталық құжаттамасы жасақталды. Республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, оның 47-сі жойылды. Алайда ұңғымалардың бойында орналасқан шаруа қожалықтарына су қажет болғандықтан наразылық білдіріп, кейінгі жұмыстар тоқтатылған. 

Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисемиев өздігінен ағып жатқан ұңғымаларды мемлекет балансына өткізіп, сол ауданның шаруа қожалықтарын заңға сәйкес тегін арнайы белгіленген мөлшерде сумен қамтамасыз ететінін жеткізді. 

- Осылайша аумақтың шаруа қожалықтары белгіленген тәртіппен тегін сумен қамтамасыз етілетін болады, - деді Ж.Бисембиев. Ол аудан әкімдігіне бірқатар тапсырма жүктеді. 

- Бір ай ішінде ұңғымалар тізбесін қайта жасақтап шығару керек. Жұмыстың барлығы заң аясында жасалуы тиіс. Су кодексінің 27 бабына сәйкес тегін пайдалануға мүмкіндік туғызу керектігін және өзара ұңғымалар қараусыз қалмай, күтіп ұстауға міндеттеледі, - деді Ж.Бисембиев.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Сурет ӨКҚ

16 маусым 2023, 17:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.