Атырау, 23 желтоқсан 04:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қарақұрт мал түгілі адамды шағып жатыр

3 399 рет қаралды

Индер ауданы әкімшілігінен алынған ақпарат бойынша, мамыр-маусым айларында 9 адамды қарақұрт шаққан. Үшеуі ем алып шықты, алтауы әлі емделіп жатыр (оның екеуі ауыр жағдайда).

Ветеринария мамандары 40 бас түйені шаққанын, оның 2-уі өлгенін хабарлады. Қарақұрт Елтай, Көктоғай, Бөдене ауылдарында кең етек алған. 

"АЖ" АНЫҚТАМАСЫ:

Қарақұрт - улы өрмекші тәрізділер тұқымдасына жатады. Адам мен жануарларға өздігімен тиіспейді. Уы жыландікінен де қауіпті. Қарақұрт шаққан адамды 10-15 минуттан кейін бүкіл денесі күйдіріп, іші, белі, кеуде бөлігінде қатты ауырсыну пайда болады. Адам мен мал өліп қалған жағдайлар бар.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

16 маусым 2023, 10:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.