JASQAZAQ.KZ. "Компьютербасты" - Бүгінде компьютерлік ойындарға, интернет-казиноларға тәуелділер қатары күн санап артып келе жатқаны туралы «Жас қазақта» жиі мәселе көтеріліп жүр. Расында да, түрлі қалаларда орын тепкен интернет-клубтар мен кафелер «кіші казинолар» мен «компьютерлік ойын орталықтарына» айналғаны қай заман? Осы мәселеге бүгін де аз-кем тоқталғанды жөн көрдік.
"Бос жатқан жердің қожайыны – Астана мен Алматыдағы «көкелер»..." - Диқан атаулы биылғы көктемгі егіске дайын ба? Әрине, толық дайын емес. Себебі біздің бірлестіктің аудан, облыстардағы өкілдеріміз біршама қиыншылықтың барын айтуда... Бұл қандай қиыншылық?
ZHASALASH.KZ. «Кедейдi үнемдеуге үйретпейдi» - Осыдан нақ бiр ай бұрын Статистика агенттiгi Қазақстандағы орташа айлық жалақы 100 мың теңгенiң үстiнде деп ақпарат таратқан. Кешеге дейiн үкiмет мүшелерi де, әкiмқаралар да дәл осы деректi қайталап, халықтың күнкөрiс деңгейiн сатылап жоғарылатып келген едi. Дегенмен, бұрын айтқанымыздай, сөз басқа, iс бөлек.
«Әбiқаевтан Байбекке дейiн...» - “Жас Алаштың” өткен нөмiрлерiнiң бiрiнде (“Әбiқаевтан Байбекке дейiн...”, №27, 9сәуiр) “Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мұрагерi кiм болуы мүмкiн?” деген сұраққа сарапшылардың жауап iздегенiн жазып, билiктен үмiткерлердiң мұрнынан тiзiп шыққанбыз. Олардың ұзын-саны 23 адам. Яғни, ҰҚК төрағасы “тiсқаққан” Н.Әбiқаевтан бастап, “Нұр Отан” партиясы төрағасының бiрiншi орынбасары “сарыауыз” Б.Байбекке дейiн.Осы сараптама мақала жарияланған соң редакцияға бiрнеше оқырман хабарласты. Кейбiрi хат жолдады. Сол хаттардың бiр парасын ықшамдап жариялауды жөн көрдiк.
ZHEBE.COM. «Обама жарылыстарды «теракт» деп ашық айта алмады» - Ресейлік және америкалық басылымдар Обаманың көмекшілері журналистерге біраз мәселені түсіндіргенін жазуда. Әсіресе, президенттің не себепті «теракт» сөзін қолданбағандығын түсіндіруге тырысқан. Бұл жарылыс қылмыстық топтардың текетіресінен туындауы да мүмкін. Өзара қырқысқан топтар болса, билікке нақты талаптар қоймаса, онда жарылыс теракт емес.
QAMSHY.KZ. «Абай әнге қосқан “Қаламқас” кім еді?» - Бұл күнде Ұлы Абайдың «Айттым сəлем, Қаламқас» өлеңі мен əнін білмейтіндер бірен-саран. Əн ойын-тойларда махаббат гимніне айналған. Осы əн мен өлеңнің Қаламқас есімді қызға арналғаны даусыз. Осындағы Қаламқастың кім екені, қай елдің адамы екені «Абай жолы» эпопеясында да айтылмайды. Сонда Қаламқас кім?
AZATTYQ.ORG. «800 қазақ Моңғолия азаматтығын қайта сұрады» - Моңғолия азаматтығынан әр жылы түрлі себеппен шығарылған қазақтар ел президенті Цахиагийн Элбэгдоржыдан қайта қабылдауды сұраған. Олар өздерін «Қазақстандағы алаяқтық құрбандарымыз» дейді.
ALASHAINASY.KZ. «Шетелдікпен істейтін жұмысымыз тең, айлығымыз 10 есе кем» -
"Кейбір компанияларда лауазымдық еңбекақысы мен аумақтық үстемақысымен қоса, еңбек және ұжымдық шартта көрсетілмеген төлемдер төленген. Атап айтқанда, шетелдік қызметкер телефон байланысы кезекшілігі, ұялы телефон байланысы, сыйақы, нарықтық үстемақы, вахта ауысымы үшін үстемақы, жекеменшіктің сақтандырылуы секілді көмектер алып келген. Сонымен қатар арнайы жұмыс жағдайы мен медициналық, қаржылық, жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандыру, заттарын сақтаумен байланысты шығындарға, балаларының оқуына, өкілді шығындарға, жеке табыс салығы секілді үстемақылар берілген".
"Шенділер «жеуге» неге құмар?" - Агенттік айдай әлемге жайып салған деректерге үңілсек, әкімдердің және қарамағындағылардың елдің ақшасын жеуде алдына жан салмай тұр. 2012 жылы 288 жемқорлық қылмысы анықталса, оның 78 пайызы мемлекеттік сатып алуда орын алыпты. Оны жасаған әкімдік қызметкерлері, оларға тиесілі бөлімдер. Соның ішінде 26 әкім мен олардың орынбасарлары бар дейді ресми деректер.
AIKYN.KZ. "«Байқоңырдың» болашағы бар ма?" - «Байқоңыр» ғарышжайы моральдық жағынан ескірді» деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин. Ол Ресейдің өзінде салынып жатқан ғарышжайдың болашағына сенім білдірді. Ал қазақ жеріндегі ғарышжайдың келешегі қандай болмақ?
EGEMEN.KZ. «Әйелдердің зейнет жасын ұлғайту бюджет қаражатын үнемдеу үшін енгізіліп отырған жоқ» - Зейнетақы жасын ұлғайту мәжбүрлі сипатта болмайды. Бұл мәселе тұрғындар үшін зейнетақы мөлшерін тиісті түзету есебінен дағдылы зейнетақы жасына шығу мүмкіндігін сақтай отырып, барынша икемді түрде жүзеге асырылады. Бұл жағынан біз АҚШ, Канада, Франция, Италия, Германия, Дания, Нидерланд, Финляндия, Швеция сынды мемлекеттерден тәжірибе аламыз.
«Ойсылқара тұқымы ойсырамасын» - Ескендір Зұлқарнайын (Александр Македонский) пілмен соғысқан. Үндістанда. Парсы мен Рим империялары сақ пен ғұнның ат мінген аламандарымен соғысқан. Бәрі жеңілген. ХХ ғасырда бүкіл Еуропаны табанына басып, Англияны қалтыратқан, Американы састырған Германияның үшінші рейхы да қазақтың түйесімен соғысқан. Ол да жеңілген.
ABAI.KZ. «Қытайдағы аралас неке және оның қазаққа әсері» - Қытайда жылына 1 миллионнан астам бала жоғалады. Ішкі қытайдың көп аудандарында бұл қалыпты тұрмысқа айнала бастады. Тіпті жас қыздарды ұрлап әкетіп, байлап әйел еткенін Қытай сайттарынан жиі көресіз. Олар сол қыздарды 1-2 бала тапқан соң қалуға көнбесе не өлтіреді не қашып кетеді. Адамның көптігі мен тұрмыстың тақсыретінен олар үшін ақша табудың барлық жолы ашық. Тіпті балаларды дәрі үшін сатып та баюда. Ал бұған үкімет қауқарсыз. Сол себепті Қытайлар шетелге кетуді армандайды.
SERKE.ORG. «Қазақ тіліндегі интернет сайттардың қарымы қалай?» - Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда орыс тілінде — 32 680, ағылшын тілінде 4500 сайт бар. Ал мемлекеттік тілдегі сайттар саны тіпті 4 мыңға да жетпеген. Егер пайыздық көрсеткіштерге шақсақ, орыстілді интернет ресурс — 79,6%, ағылшынтілді — 11%, қазақтілді — 9,3%. Кейбір ресми деректер бойынша, еліміздегі жүйелі түрде жұмыс істейтін қазақтілді 100 сайттың ішінде беделді деген небары 11 сайт бар екен, оның ішінде ақпараттық сайттар екі-үштен аспайды.
«Мұрат Телібековті қуғындап жатыр» - Қазақстан мұсылмандары одағының төрағасы Мұрат Телібековті жан-жақтан қыспаққа алып, қуғындап жатыр. «31арнаның» таратқан хабарына қарағанда, оны өзі жұмыс істейтін Халықаралық бизнес университетінің басшылығы «студенттерді лаңкестік жасауға, жарылғыш заттарды қалай дайындауды үйретіп жүр» деп айыптапты.