
Таяуда бюджет министрі Жером Каюзак швейцар банкісінде жасырын есеп-шоты барын мойындап, Франсуа Олландтың беделіне нұқсан келген еді. Каюзак осыдан соң бірден отставкаға кетіп, оның үстінен салықтан жалтарды деген күдікпен тергеу басталған. Бұған қоса, Социалистік партияның бұрынғы қазына басшысының Кайман аралдарындағы екі оффшорлық компанияға қаржы салғаны туралы ақпарат та Олландтың беделіне кері әсер еткен.
Веб-сайттағы мәліметтерге қарағанда, ең бай министрлер арасында сыртқы істер министрі Лоран Фабиус бар. Оның байлығы - 7,8 миллион АҚШ долларын құрайды.
Франсуа Олландтың өзі президент болып сайлана сала 1,7 миллион еуро байлығы барын жария қылған еді.
Дереккөз: azattyq.org
16 сәуір 2013, 10:00