
Ұлттық банк ресми курс белгілеу ережелеріне өзгерістер енгізді. Енді теңгенің ресми бағамы бұрынғы 39 емес, 48 шетел валютасына қатысты жарияланатын болады.
Бұл шешім соңғы бес жылдағы сауда айналымын талдау және халық пен бизнес тарапынан түскен сұраныстар негізінде қабылданған. Қосымша енгізілген валюталар қатарында Вьетнам, Египет, Израиль, Индонезия, Катар, Моңғолия, Оман, Пәкістан және Румыния валюталары бар.
Ұлттық банк түсіндіргендей, тізімді кеңейту төлем көлемдері мен валюталарға қатысты деректерді талдау нәтижесінде жасалды. Ресми курс бухгалтерлік есеп жүргізу, салық төлемдері мен кедендік есептеулерде қолданылады, сондай-ақ айырбастау пункттері үшін бағдар ретінде қызмет етеді.
Сонымен қатар, жаңа ереже 2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Конституцияның редакциясына, сондай-ақ Салық және Цифрлық кодекстерге сәйкестендірілді.
В Атырау -10