AIKYN.KZ. «Қазақтың 100 жаңа тұлғасы қайда жүр?» - Соңғы кезде ресейлік БАҚ-тар қазақ ұлтшылдарынан бастап, жергілікті билікті мінеп-сынайтын мақалалар үдеп барады. Мұндай негізсіз мақалаларға жоғарыдағы саясаттанушылар сияқты тек саяси және тарихи тұрғыдан емес, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, тіпті психологиялық, географиялық, т.б. сипатта тойтарыс беретін сарапшылар қайда? Өз кезегінде Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің де «Жаңа тарихи ойды» қалыптастыру үшін «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасын жүзеге асыру керек» деп қоғамға ой тастағаны орынды әрі уақтылы жайт болды.
«Сүйек майын сақтайтын банк керек» - Денсаулық сақтау саласы Қазақстанда сүйек майының донорлық банкін жасауды жоспарлап отыр. Бұл процесті басқаша айтқанда – денсаулықты депозитке салу. Адам ағзасында қызыл түйіршіктерді немесе қан жасайтын сүйек майы (қазақтар оны сүйек кемігі деп те атайды) негізінен, адамның жамбас сүйегінде, аздаған мөлшері жіліктерде және аздап омыртқада болады. Сүйек майы қан жасайтын маңызды орган болып саналады және ол иммунитетті дамытатын органдардың бірі болып табылады. Оны лабораториялық тәсілмен сақтап қойып, ауырған адамға ауыстырып салуға болады. Қазір онымен Израиль, Түркия сияқты елдердегі озық технологиялармен жұмыс істейтін клиникалардың дәрігерлері айналысып жатыр.
HALYKSOZI.KZ. «Адамның құны» - Ресей өз азаматтарының құнын 2-3 миллион рубльге бағалайды (10-15 миллион теңге). Ал батыс елдерінде сақтандырылған адам қайтыс болса, 1 миллион теңге төлейді. Немістің Focus апталығы заңсыз ағза саудасындағы бағаларға сүйеніп, сау кісінің ағзасы 45 миллион доллар тұрады деп есептеп шығыпты.
JASQAZAQ.KZ. «"Өлі үйдегілер-2"» - «Болат Оспанов деген азамат Талғар қаласының әкімі болды. ол заңсыз жер сатумен айналысатын, мен оған адам тауып беріп жүрдім. Сөйтіп жүргенде басымызға ақырзаман бір-ақ күнде орнады. Бастығым Оспанов та, мен де темір торға тоғытылдық. Алайда соттың барлық қылмысты ұйымдастырған басшыма – 5 жыл, ал 10 баласы бар жалғызбасты маған 7 жыл бергені әділетсіздік болды... Қазір өкінішім көп. Ең алдымен арам іспен айналысқаныма өкінемін. Сонан соң өзіме бір тілім жер ала алмағаныма, тым құрығанда, баспанаға қолымның жетпегеніне ішім удай ашиды», – деп ақтарылды көпбалалы ана.
«Тэтчердің тағылымы» - Қатарынан үш рет үкімет басқарған М.Тэтчер қарапайым тіршілікті жөн көрді. Үй күтуші ұстамай, тамақты өзі дайындаған. Тіпті қонаққа келген министрлер қолынан дәм тататын. Өзі «Менің күнделікті жұмысым күйеуіме таңертең кофе беруден басталады» – деген сөзді жиі айтады екен.
ZHEBE.COM. "Ерлан Қарин, саясаттанушы: Мұрагер таңдау мәселесі – жалған тақырып" - Билік транзиті мәселесін жасанды түрде көтеруге бағытталған әртүрлі сипаттағы, кей кезде шынайы арандатқыш материалдардың аз ғана уақыт аралығында мақсатты түрде ақпараттық кеңістікке жарияланып тұрғанын зерделі оқырман аңғарған болар. Бұл жағдай елдің ақпараттық күн тәртібіне әсер етуге тырысып жатқан мүдделі тараптардың немесе күштер бар екенін көрсетеді.
ALASHAINASY.KZ. «Орталық Азияда су соғысын тудыруды көздейтін кімдер?» - Бүгінде әлем бойынша су ресурстары үшін қанды қақтығыстардың саны өсіп келеді. Орталық Азия аймағында да жағдай ушығып тұр. Себебі әрбір мемлекет өз жерінде жүздеген су қоймаларын салып, онымен су тапшылығы проблемасын туғызып отыр. Бұл жағдайдың Қазақстанға аса ауыр тиетіні рас. Себебі біздегі өзен-сулардың басым бөлігі шекараның арғы жағынан бастау алады. Сарапшылардың айтуынша, мұның барлығы – сыртқы саяси күштердің «ғаламдық жоспары». Оның негізгі мақсаты – табиғи байлығы мол «екінші сұрыптағы» елдерді бір-бірімен қырқыстырып қойып, жерасты ресурстарды емін-еркін игеру.
EGEMEN.KZ. «Қашқынға Лондон да пана болмады» - Лондонның Жоғарғы соты Әбіләзовтің қылмысын бұлтартпай мойнына салып, оған қарсы әділ үкім шығарды. Сот шешімі бойынша ол БТА банк есебіне 2 млрд. доллар қаржыны қайтаруға тиіс. Сонымен бірге, Әбіләзов осы қылмыстық істері үшін 5,5 жыл бас бостандығынан айырылады. Англия Жоғарғы сотының бұл үкімі Қазақстанның құқық қорғау органдарының дұрыс бағыт ұстанып келгендігін дәлелдейді».
ABAI.KZ. "«Евразиялық ел»: қазақтың соры ма, бағы ма?" - Қазақстанда соңғы жылдары азаматтардың төлқұжатына ұлтын жазу керек пе деген мәселе қайта-қайта көтерілуі қалай? Біздің ақкөңіл, аңқау қазақ осылайша өзін еуразиялық ұлт дегенге де мәз болады. Бұған тек надан адам ғана мақтанады. Біздің жоғарыдағылар Америкада ұлт жоқ, олардың бәрі өздерін америкалықпыз деп айтады дегені өтірік. Біз америкалықпыз дейтіндер орта ғасырда ата-бабасы Африканың қай түкпірінен келгенін білмейтін негрлер ғана. Қазір олар да түп ата-тегін іздестіріп жатыр. Америкада ағылшын - ағылшынмын, неміс - неміспін, француз - французбын, испан - испанмын деп әрқайсысы өз ұлтын айтады. Олардың ешқайсысы американдықпын демейді. Бұл бізді адастыру үшін айтылып жүрген өтірік.