Атырау, 26 желтоқсан 21:57
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Балжан Ибатқызы жұмбақ жағдайда ғайып болды

2 217 просмотра

13 сәуірге жоспарланған ҚР Табиғи монополияларды  реттеу агенттігі департаменті басшылығының тариф саясатын түсіндіру жөніндегі тұрғындармен кездесуі өтпей қалды.

Кездесу №21 мектептің акт залында сағат 11-ге белгіленген болатын. Басталуға 15 минут қалғанда залға адамдар, негізінен «Рахат» ықшамауданының ересек тұрғындары жинала бастады. Оларды ТМРАД директоры Балжан ДОСМҰХАМБЕТОВА қарсы алды.

10 сәуірде «тарифке қарсы» митинг өткізу ниеттері туралы мәлімдеген Тарифтерге қарсы митинг: әкім Айдарбеков рұқсат берер ме екен?» жарияланымын қараңыз) «Арлан» ҮЕҰ төрағасы Макс БОҚАЕВ, Қазақстанның Коммунистік партиясының облыстық филиалының бірінші хатшысы Нұржан НАУРЫЗОВ және кәсіпкер Сара ТАҚБЕРГЕНОВА ішке кірген кезде, ТМРАД басшысы залдан ғайып болды.

Жарты сағат өтті. Залда отырған әжейлер наразы бола бастады. Сол кезде қалалық тұрғын үй инспекциясының бастығы Нұрлан ЕРҒАЛИЕВ трибунаға жақындап келіп, жалпы қалалық сенбілік өткізуге байланысты шараның өтпейтіндігін хабарлады. Біреулер: «Балжан Ибатқызының өзі қайда?» деп сұрады. «Оны әкімге шақырып кетті» деп жауап берді. Содан соң тұрғындар тарай бастады.

М.Боқаев кетер кезде бізге:

- Бұл жағдай ТКШ-дегі шынайы ахуалды және биліктің тұрғындар проблемасына деген қарым қатынасын көрсетеді, ‑ деді.

 

 

 

 

 

 

 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

13 сәуір 2013, 20:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.