Атырау, 18 желтоқсан 21:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

"Біздегі жерасты байлығын өзімізден гөрі өзгелер жақсы біледі". "Полиция адалдығын полиграф анықтай ала ма?". "Қашқарға сіңген қазақ". "Корей түбегінде соғыс басталуы мүмкін бе?". "Ашынған халық - аянбайды..."

2 729 просмотра

SHYN.KZ. «Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК. «Тәуір» қызметке ауыр «міндет» жүктелмек немесе байқау арқылы сатылап өсу мүмкін бе?» -Елең етерлік деп ерекше маңыз беріп отырғанымыз қаншама жылдан бері айта-айта жауыр болған «команда» деген жұқпалы «дерттей» жабысқақ бәле көлеңкедей көлбеңдеп қыр соңымыздан қалмай келеді. Еліміздің тәуелсіз тарихында мемлекеттік қызмет жөніндегі заң осымен үшінші мәрте өзгеріп отыр. Алайда шыққан нәтижеге көңіл толмайды. «Бір кісі таққа мінсе, қырық кісі атқа мініп» кетеді ылғи.  Оны айтасыз басшы ауысса тайлы таяғы қалмай үдіре «көшетін» әдетке көз үйренді.

31.KZ. «Қазақстан Кипрға 1 миллиард 162 миллион доллар инвестиция құйған» - Қаржы дағдарысына ұшыраған Кипр Еуропа Одағы бөлген 10 миллиард еуроны алу үшін 5,8 миллиард еуро қаржы табуы тиіс. Бұл мақсатта Кипрдің екі ірі банкінде сомасы 100 мың еуродан асатын қаржысы бар депозит иелеріне салықты көбейту көзделген. Бұл елдің ірі банктерінде қазақстандық салымшылардың да қаржысы бар деп даурыққан депутаттар өткен аптада үкіметке сауал жолдап, қомақты ақшаның Қазақстанға қайтарылуын талап етті. Қала берді кәсіпкерлер құқығын қорғайық -деп түрленді.

JASQAZAQ.KZ. «Қашқарға сіңген қазақ» - Қытайдағы қандастарымыздың Күлтегін (www.kultegin.com) сайтында «Қашқар шаһарындағы байырғы қазақ» деп аталатын мақала жарияланыпты. «Жарқын 7» деген бүркеншік есімді автор Қашқардың «Әппақ Қожам мазары» деп аталатын жеріндегі ұйғырға айналған қазақтарды өз көзімен көргенін айтқан.

«Қазаннан қақпақ кетсе... немесе ән әлеміндегі көзбояушылық хақында» - Кейде «жанды дауыспен» ән айтып жүріп-ақ жетілген «үлкен кісілерден» сұхбат алып жатады. «Неге?» – дейді ғой. «Сол», – дейді. – «Жағдайға қарау керек. Мүмкіншілік аз».
Музыкалық құрылғылар талапқа сай емес екен. Бірақ осы жерде бір күмән қылаң береді. Әлгі «барымен – базарды» осыған қатысты неге айтпасқа? Мүмкіндігі аздау болса да «табиғи дауысқа» бір салып көрсе, қайтер еді...

BAQ.KZ. «Елбасының Қытайдың «China Daily» қоғамдық-саяси газетіне берген сұхбаты» - Қазақстан Президенті өңдеу саласында және өзге де шикізаттық емес салаларда екіжақты ынтымақтастық алдыңғы кезекте тұрғанын атап өтіп, екі елдің қазірдің өзінде кең ауқымды жобаларды белсене іске асырып жатқанына тоқталды.

ALASHAINASY.KZ. «Біздегі жерасты байлығын өзімізден гөрі өзгелер жақсы біледі» - Қазақстанның жер қойнауындағы байлықтың бар-жоғы шетелдік зертханаларда тексеріледі. Ал өз елімізде кәсіби геологиялық қызмет жүйесі әлі күнге дейін дамымай келеді. Осының салдарынан қазақтың кең-байтақ жеріндегі пайдалы қазба байлықтарының барлығы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп жатыр. Өкінішке қарай, биыл қазақстандық геологтар алғашқы кәсіби мерекелерін осындай «жаңалықтармен» қарсы алуға мәжбүр.

AZATTYQ.ORG. «Қазақстан интернетті шектеуде Қытайға ұқсас» - The Economist журналы әлемдегі интернетті шектеу тәсілдері туралы жазды. Онда Қазақстанның да интернетті бақылауда Қытай тәжірибесіне сүйеніп отырғаны баяндалады.

JANAOZEN.NET. «Полиция адалдығын полиграф анықтай ала ма?» - Қазақстан полициясының қатарына кірмекші әр адам енді адалдығын полиграф алдында дәлелдейді. «Құқық қорғау органдары туралы» заңға енгізген жаңа өзгерту осындай. Алайда, мамандар бұл бастаманың Қазақстанға тиімсіз екенін, полиграфологтартарға қалай да қысым көрсетілетінін айтып отыр.

ULT.KZ. «Ашынған халық - аянбайды...» - Жалпы замана сыры мен уақыт тынысын байыптасақ, қазақ халқының тағдыры үшін - Төре де (президен,үкімет ,мәжіліс) - Қара да -  бүкіл Ел болып - жауапты екеніміз анық. Соның ішінде, әсіресе, халықтың – Жері – Тілі – Діні – Ділі - дейтін Төрт діңгегі, немесе Төрт құбыласы түгел  ме?.. Әлде қалай ? – деген толғанысқа толы сауалдарға пікір білдіру ауадай қажет екені, күн өткен сайын күрделеніп тұр. Бұл мәселеге жүрдім‑бардым қарауға болмайды.

AIKYN.KZ. «Страсбург те, басқа да көмектеспейді, өйткені Әблязов Ұлыбританияның барлық сот жүйесі өзінің құқығын бұзғанын дәлелдеуі тиіс» - Ал Англияның Мәртебелі соты шығарған шешім Әблязовтің қол-аяғын матап, байлап тастап отыр. Өйткені ол шешімді Ұлыбританияның барлық сот жүйесі бекітіп, заң күшіне кірген.

«Корей түбегінде соғыс басталуы мүмкін бе?» - Америкалық басылымдардың хабарларына қарағанда Вашингтон бүгін түнде Корей Халық-Демократиялық Республикасына шабуыл жасайды. Оңтүстік Корея кеңістігіндегі ғаламторларда Пхеньян қолдануы мүмкін химиялық қарудан қалай сақтану керектігі және «АҚШ Солтүстікпен соғысқа дайындығын аяқтағандығы» туралы ақпараттар жиі көріне бастаған. Ал америкалық газеттердің бірінде әскерге қатысы жоқ АҚШ азаматтарын Оңтүстік Кореядан Пусан порты арқылы Жапонияға, одан әрі АҚШ-қа эвакуациялау туралы хабар жарияланған.

10 сәуір 2013, 09:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.