Атырау, 18 желтоқсан 21:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Әбiқаевтан Байбекке дейiн...». «Маргарет Тэтчер қайтыс болды». «"Өлі үйдегілер"». «Ресей Орталық Азияның болашағына қауіп төндіруде». «Батқан кеменің бейбақтары».

2 103 просмотра

ZHASALASH.KZ.«Әбiқаевтан Байбекке дейiн...» - Прези­денттiң сенiмi мен саяси ықпалы жөнiнен, сөз жоқ, Әбiқаевпен ешкiм иық теңес­тi­ре алмайды. Экономикалық ық­па­лы орасан, билiкте оның мүдделестерi де аз емес. Ал ендi Әбiқаевты қоғам қалай қабылдайды? Сыртқы күштер мен державалардың басшылары қолдай қоюы мүмкiн бе? Кәсiби бiлiктiлiгi мен басқару тәжiрибесiн саралағанда сарапшылар не нәрсеге сүйендi? Бұл – басқа әңгiме.

EGEMEN.KZ. «Мың асқанға – бір тосқан» - Рахат Әлиевке қатысты қылмыстық іс тек бір ғана Австрияның проблемасы емес, ол бүкіл Еуропаның мәселесі. Сондықтан мұны Әлиев жақсы біліп, түсініп отыр. Осы үшін де барлығын залалсыздандырып, жолын кесуде. Солардың ішінде біз де бармыз. Біз оның кімге және қалай ақша бергенін, оған кім жұмыс істейтінін анықтамақпыз», деп осы істі аяғына дейін апаратын адвокат Габриэль Лански нық айтты.

«Батқан кеменің бейбақтары» - Қазіргі күндері батып бара жатқан кеменің ішінде аласұрып, бұрыштан бұрышқа қашып жүрген атжалманның кейпін келтіретін БТА-Банктің бір кездегі директорлар кеңесінің төрағасы Мұхтар Әбіләзов пен оның сыбайлас жемқорлық сипатындағы сарбаздарын бұрынғыдан бетер тұйыққа тірейтін тағы бір оқиға орын алды. Бұл атышулы «Әли баба және оның қырық қарақшысы» атанған командаға жығылған үстіне жұдырық болып тиіп жатыр.

JASQAZAQ.KZ. «"Өлі үйдегілер"» - «Соттың осыншама әділетсіздігіне күні бүгінге дейін ішім удай ашиды. Қарамағымдағы жүздей адамның біреуін сотта куәгер ретінде шақырмады. Ақшам болмаған соң, қорғаушы да жалдай алмадым. Кінәсіз екендігімді айтып шырылдағаннан басқа қолымнан ешнәрсе келмеді. Туған әкеме хабарласып, нақақ күйіп бара жатқанымды айтып жыладым. Сәби күнімде қарайламаған адам түрмеге түскенде қорғаушы ма еді... Сөйтіп, қарақшылық дерегі бойынша 179-баппен 7 жылға сотталдым. Одан бері екі жылға таяп қалды. Қысқасы, әлсіздігім жеті жылымды жұтты», – дейді өзін кінәсізбін деп шырылдаған, іштей мүжілген қыз.

JANAOZEN.NET. «Ресей Орталық Азияның болашағына қауіп төндіруде»- Шын мәнінде, қазақ экономикасының «тірі тұруы» көп жағдайда Ресей инвестицияларынан, емес батыс капиталының есебінен. Егер, АҚШ бізге қатысты саясатын өзгертетін болса, онда экономикалық дағдарыстың болатыны айқын. Дәл сол таңда Ресейдің дағдарыстан шығаруға көмек қолын созатынын күмәнмен қарауға болады. Кремльдің нақты көмек орнына, империя қанатының астына кіруге шақыратыны белгілі. Осы себепті де Америка билігі Ресейдің ең үлкен қауіпі деп атап өтіп отыр.

ULT.KZ. «Шетелден ұят болды!» - Қазақстанда заң жобасының барлығы ресми тілде жазылады да, соңында мемлекеттік тілге аударылады. Өз алдымызға егемен ел атанғанымызға 22 жыл толса да жағдай осы. Қазақтардың мұндай дәрменсіздігіне бертінге дейін күліп келген өзге мемлекеттер енді күйінетін жағдайға жетті. Өйткені өзіміздегісін айтпағанның өзінде Парламенттің қабылдауымен Президент қол қоятын немесе үкіметаралық деңгейде келісілген халықаралық шарттар мен конвенциялардың қазақ тіліндегі аудармасынан кейіннен масқара қателер табылады екен. Содан соң амалсыздан Сыртқы істер министрлігі мәміле жасасқан мемлекетке ноталар жөнелтіп, әлгіндей құжаттардың түпнұсқасын қайтаруды сұрап, ұятқа қалып жүр.

SHYN.KZ. «Ахметұлы Бейсен: Қазақ білім жүйесінің шындығы және шығар жолы» - Қазақстан елінің болашағы үшін қазіргі білім жүйесіне түбегейлі реформа жасап, «сапалық білім жүйесін» орнату керек. Қазақ ұлтының ұрпақтарын топастандыру мақсатындағы әрқандай әрекетке әр адам қарсы тұруға, қазақ үкіметі жүйелі саясаты арқылы олардың жолын кесіп, ұлттың болашағына жол ашу керек.

SERKE.ORG. «Төреғожинаның үстіне футбол қақпасы құлап кетті» - Оппозицияшыл белсенді, «Ар.Рух.Хақ» қоғамдық қорының президенті Бақытжан Төреғожинаның үстіне темірден жасалған футбол қақпасы құлап кетіп, оның иық сүйектерін майдалап сындырып жіберді. Сонымен қатар оның миы шайқалған. Қазір ол Алматыдағы жеделжәрдем ауруханасында емделіп жатыр. Оның толықтай жазылып шығуына екі-үш ай уақыт кетеді.

«Австрияда Рахат Әлиевке қарсы сот басталды» - Сәуірдің 5-і күні осы  ісі бойынша бірінші тыңдау болып өтті. Айыпталушының өзі процеске келген жоқ. Қазақстандық «Тағдыр» қорының және «Нұрбанктің» қаза тапқан менеджерлерінің отбасыларының адвокаттары доктор Габриэль Лански мен Анна Цайнтлингер соттың бірінші мәжілісінің қалай өткенін біле алмапты. Дегенмен, Әлиевтің және оның сыбайластары Әлнұр Мұсаев, Вадим Кошляк, Виктор Сапожников пен т.б. сотының басталғанын «Нұрбанктің» қаза тапқан топ-менеджері Айбар Хасеновтің жесірі Шолпан Хасенова растады.

AZATTYQ.ORG. ‘‘«Елші қып жіберу» дәстүрі жалғасып жатыр’’ - Кейбір саясаттанушылар «Қазақстандағы елшілікке тағайындау шарттары советтік тәсілдерге біршама ұқсас» дейді. Саясаткерлердің елші болуын я құлдырау, я уақытша көзден тасалану деп те түсінетіндер бар. ...Қазақстан сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық дәрежелер тізімінде «төтенше және өкілетті елші» лауазымы ең жоғарғы мәртебе болып саналады. Санаулы ғана дипломаттар бұл лауазымға қызметтік жолының соңына қарай қол жеткізіп жатады.

«Маргарет Тэтчер қайтыс болды» - Тэтчер билігінің ақырғы жылдары (1990 жылы) Ұлыбританияның Еуропа Одағымен қарым-қатынастары мәселесі көтерілген тұсқа келді. Тэтчер үнемі Еуропамен қарым-қатынастарға күмәнмен қарап, АҚШ-пен арадағы ынтымақтастықты арттыруды жақтады. Тэтчердің партияластары оның бұл бағытын "тым ұшқары, шетін көзқарас" деп түсінді, ақырында Тэтчер отставкаға кетуге мәжбүр болды.

AIKYN.KZ. «Қазақстан – Қытай үшін сенімді серіктес» - Кездесу барысында бір­қатар маңызды мәселелер көтерілді. Солардың бірі – Тынық мұхитында­ғы Ляньюньган портынан терминал құрылысы үшін жер ұсыну. «Бұл біз­дерге Тынық мұхиты өңіріне шығу үшін өте маңызды» деді Елбасы. Бұл те­ңіз жолы Қытайға да, Қазақстан­ға да Тынық мұхиты өңіріне шығуды 3,5 есеге қысқарта түседі. Сондай-ақ елі­міз үшін маңызды мәселелердің бірі бо­лып тұрған, ол трансшекаралық өзендер еді. Бұл да осы сапар аясында бір шеші­мін тапқандай болды. «Си Цзиньпин ҚХР-дың Қазақстан экономикасына нұқсан келтіретін ештеңе жасамайтын­дығын мәлімдеді. Бұл мәселе келіссөз­дер жолымен шешіледі және біздер жұ­мыс тобын құрамыз» деді Елбасы.

«Алматы: келіссөз әлі жалғасады» - Батыс елдері және Израиль бейбіт атомды зерттеудің арғы жағында Теһранның басқаша ойы бар, ядролық қару жасамақшы деп отыр. Иран болса
ядролық бағдарламасы тек бейбітшілік бағытқа арналатынын айтады. Санкция жарияланғаннан кейін Иран басшылары өздерінің қорғаныс күштерін ядролық технология арқылы күшейтетінін мә­лім­деді. Иран жағының өкілдерінің айтуынша, Теһранның ұстанымы алдымыздағы маусым айында болатын президент сайлауынан кейін де өзгермейді, тіпті бұрынғыдан да нық болмақ.

ALASHAINASY.KZ.‘‘«Нарцисс» науқасына шалдыққандар немесе қазақ баласы кумирсіз қалған жоқ па?’’ - Саналы түрде «мен мәңгі сұлу, мәңгі жас, мәңгі осылай гламур кешемін, себебі мен ерекше туғандардың санатындамын» деген сияқты ойларды өзіне таңуды пси­хологиялық дерт десек те болады. Негізі­нен, 18 бен 25 аралығындағы жастарға тән болып келетін бұл да бір адамның не өзіне, не өзгеге есеп бермей, «мен ерекше­мін» деп қабылдаудан туған өмір сүрудің формасы. Сән өкілдері, стиль саласын­да­ғы, жарнама саласындағылар, БАҚ осы ауди­торияға бағытталған дүниелер беріп және одан жап-жақсы табыс та табады. Мұның қауіптілігі сонда – соңы дағдарысқа апарып соғады.

NUR.KZ.«Қазақстандық әйелдер жатырын "жалға" $10-30 мыңға береді» - Қазақстандық әйелдерге 10 мың мен 30 мың доллар аралығындағы шамада қаржы төленсе, шикіөкпеге зар болып жүрген ерлі-зайыптылардың арманын жүзеге асырып, дені сау бала туып беруге дайын көрінеді.

9 сәуір 2013, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.