Атырау, 11 желтоқсан 05:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Махамбет ауданында жылыжай кешені ашылды

Сурет
1 765 просмотра

Атырау облысы Махамбет ауданы Ақжайық ауылдық округінде жылына 1600 тонна өнім өндіруге мүмкіндік беретін аумағы 4 гектар өндірістік жылыжай кешені ашылды. Кешеннің ашылу салтанатына облыс әкімі Серік ШӘПКЕНОВ қатысты.

- Өңірімізде бұрын-соңды болмаған жылыжай ашылып жатыр. Кешен тек Махамбет ауданының ғана емес, облыстың ауыл шаруашылығындағы ең үлкен жоба. Сондай-ақ осы кешенде жаңа жұмыс орындары ашылды, - деді С.Шәпкенов. - «Жұмағалиева Н.М» шаруа қожалығы қолға алған жобаның жалпы құны - 3 млрд теңгеден астам. Үш блоктан тұратын кешеннің қазір біреуі ғана іске қосылған. Алдағы уақытта қалған блоктарда құрылыс жұмысы басталады. Жылыжайда жұмыс істейтін 60-тан астам қызметкердің 40-тан астамы жергілікті тұрғын. Олар жылыжайда жылына 900 тонна қызанақ, 700 тонна қияр жинайды.

Кешен жұмысы автоматтандырылған. Тамшылатып суару әдісімен әрбір өскінге қажетті тыңайтқыш ертінділер түрінде беріледі. Келешекте жылыжай кешенінің аумағын 16 гектарға дейін ұлғайту жоспарда бар. Алдағы уақытта көкөніс өнімдерін ғана емес, үй жануарларын, құс пен балық түрлерін өсіруді қолға алу мақсаты тұр.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған суреттер

27 ақпан 2023, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.