Каспий құбыр консорциумы (КҚК) құбыр жүйесіне қазақстандық Теңіз кен орнынан мұнай қабылдауды тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"22 ақпандағы жағдай бойынша КҚК жүйесіне "Теңіз" мұнай айдау
станциясындағы Теңіз кен орнынан мұнай қабылдау тоқтатылды. КҚК Теңіз
терминалының резервуар паркіне мұнай айдау тоқтатылды", - делінген
хабарламада.
Қазақстандағы "Атырау" және Ресейдегі "Комсомольская" мұнай айдау станцияларында мұнайды қабылдау қысқартылған режимде жүріп жатқаны атап өтілді.