Атырау, 18 желтоқсан 21:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Кеден одағы: жаңа қауіптер». "Солтүстік Корея АҚШ-қа соққы жасауға «санкция берді»". "Әбілев шала екен. Референдум болмайды". «Қатал қоғамнан қайыр сұрау да – қорлық». "«Жылыоймұнайгаз» мұнайшыларының наразылық хаты".

2 340 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Солтүстік Корея АҚШ-қа соққы жасауға «санкция берді»" - Корея армиясының бұл мәлімдемесін KCNA мемлекеттік агенттігі хабарлады. Сарапшылар «Пхеньян АҚШ аумағына шабуыл жасай алмайды, бірақ Оңтүстік Корея мен Жапониядағы америка әскерін нысанаға алуы мүмкін» дейді.

«Гуантанамо түрмесінде не болып жатыр?» - Ақпанның басында түрме басшысы контрабандаға жол бермеу үшін Құран кітаптарын жаппай тексеретін 2006 жылғы саясатты қайта жандандырады. Бірнеше тұтқын бұл әрекетті киелі кітапты қорлау деп санап, ас ішуден бас тартқан. Бірнеше апта өткенде наразылыққа тағы бірнеше адам қосылған.

ZHASALASH.KZ. «Қатал қоғамнан қайыр сұрау да – қорлық» - Күйеуiне жасалатын отаға ақша таппай, әр дәрiгер­дiң аяғын құшып жалынған Мағрипа апайдың көз жасы ешкiмдi селт еткiзбейдi. Салғырт жасалған ем-домның салдарынан балдаққа сүйенген жұбайын сүй­реп талай-талай қорлықтың ащы азабын тартқан апай әркiмнiң малайы болғанын да жасырмайды. Ауылда қалған үйiн болмашы ақшаға сатып, ұлтарақтай жер алуды армандаған екен. Арманы алдап, алаяқтардың жемiне айналады.

JANAOZEN.NET. «Кеден одағы: жаңа қауіптер» - Кеден одағы (КО) сияқты экономикалық жағынан тиімсіз, саяси жағынан қатерлі одаққа Үндістанның, Вьетнам және Қырғызстанның қосылуға ұсыныс білдіргені жаңалық болды. Посткеңестік ел ретінде Қырғызстанның КО-ға кіруі түсінікті болғанымен, оңтүстік-шығыс Азия елдерінің қосылу идеясы түсініксіз, тіпті қауіпті. Алайда, бұл бірінші сәуірлік әзіл емес. Бәрі біз білгеннен де күрделі.

"«Жылыоймұнайгаз» мұнайшыларының наразылық хаты" - Бұған дейін жұмысшылар компанияның кәсіподақ ұйымына, «Ембімұнайгаз» директорына шағымданғандарымен, барлығы жауапсыз қалған. Ендігі соңғы үміттері «Қазмұнайгаз» басшысында ғана. Ал егер арыздарына ешкім назар аудармаса, заңды талаптары орындалмайтын жағдайда мұнайшылар бейбіт шеруге шығатындарын ескертіп отыр.

SERKE.ORG. «Әбілев шала екен. Референдум болмайды» - Қазақстанның Кедендік одақтан шығуы жөнінде жалпыхалықтық  рефендум өткізбек болған оппозиция әрекеті сәтсіз аяқталды. Тіпті, олар заңда көрсетілген референдумға қажетті дауыс жинайтын бланкілерді алу үшін Орталық сайлау комиссиясына (ОСК) арызданбапты да. Осыған сәйкес олардың референдум өткізуге қажетті дауыс жинауға қақы жоқ.

AIKYN.KZ. «Әлем жасыл энергетикаға бет бұрды. Біз ше?..» - Еуропа елдері ғасыр соңына дейін қолданылатын қуаттың 50 пайызын жасыл энергетикаға көшірмекші. «ЭКСПО-2017» көрмесінің басты ұраны да болашақтың қуаты – жасыл энергетикаға әлемнің назарын аудару болып отыр. Баламалы қуат көздерін игеруде энергетикамен тұрақты түрде қамтамасыз етіп тұратын гибридтік жүйені жасап жатқан ҚР инженерлік академиясы ғалымдарының еңбегі жайында осы академияның бірінші вице-президенті, академик, КСРО құрметті мұнайшысы Нәдір Нәдіровпен әңгімелескен едік.

ANATILI.KZ. «Зомбиге айналып кетіпті» деген сөз неге жиі айтылып жүр» - Адамзаттың тарихы адамдардың бір-бірін басқаруынан басталған деген де сөз бар. Бүгінде қаншама жас адам діндеріне беріктігін дәлелдеп өздерін өздері жарып жіберіп жатыр, қаншама адам құмар ойындарының артына кетіп, дүниені ұмытқан, қаншамасы есірткімен есін жоғалтқан. Есірткі берем десе туған әкесін де өлтіруге бар. Зомбиге айналу – адамның өз еркінен жасанды түрде айырылуы.

CLASSTIME.KZ. «Тәжіктер қан тазалығын қарастыруда» - Таяуда Тәжікстанның заң шығарушы органының депутаты Садат Әміршоев «Отбасы кодексіне» бір-бірімен туыс адамдардың шаңырақ көтеруіне шектеу қоятын өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы бастама көтерді.

KAZAKZAMAN.KZ. «Кедендік одақ алкоголь саясатын өршітіп отыр» - Кедендік одаққа кіргелі бері елімізде алкогольді тұтыну мөлшері күрт артып кетіпті. 2011 жылға дейін алкогольді ішімдіктерді тұтыну жылына 3 пайызға кеміп отырса, 2011 жылдан бастап керісінше көбейген.

«Темір – Нарком» атанған, ұлтын жанындай сүйгені үшін «Халық жауы» болған Т.Жүргеновтың туғанына — 115 жыл» 

ALASHAINASY.KZ. «Министрдің сөзіне қалай сенеміз?» - Наурыз мейрамы қарсаңында Үкіметте есеп берген көлік және коммуникациялар министрі Асқар Жұмағалиев еліміздегі «электронды үкіметтің» толыққанды іске қосылғанын жариялап, Премьер-министрдің көңілін біршама көтерген болатын. Алайда ол С.Ахметовтің «Біз «электронды үкіметті» құру жұмысын аяқтайын деп жатырмыз. Ал халықтың компьютерлік сауаттылығы 51 пайызды ғана құрап отыр. Сонда электронды қызметтерді енгізу және оны қолдану арасында үлкен айырмашылық бар болып тұр ғой! Неге?» деген сұрағына тұшымды жауап бере алмай, біраз әуре-сарсаңға түсті.

ADYRNA.KZ. «Исламофобия — діни төзімділікке қарсы құбылыс» - қандай да бір нәрсеге қатысты шамадан тыс  қорқынышты, негізсіз үрейленушілікті білдіреді. Демек, кез келген фобияның шығу тегі объективті шынайылықтан гөрі, көбіне соқыр түсінікке негізделеді деп түйіндеуге болады.

NAMYS.KZ. «Бекен Қайратұлы. Сырты бір қоңыр бағлан, іші бір кекті қабылан» - Мұхиттың арғы жаығнан дүркін-дүркін хабарлар легі толассыз ағылуда. 2000 жыл  қыркүйектің 27-ші жұлдызында: «Ойбай, Ольга дейтін желаяқ қыз  кедергіден қарғып жарысып, алтын медаль алыпты…». Қыркүйектің 29-шы жұлдызы: «Сүйінші, қазақ, төрт бірдей боксшы финалға шықты». «Я, Құдай, ақсарбас, кімдер екен?». «Ермахан Ыбырайымов, Мұхтархан Ділдәбеков, Болат Жұмаділов, Бекзат Саттарханов».

5 сәуір 2013, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.