Атырау, 21 желтоқсан 00:08
 бұлттыВ Атырау -1
$ 524.02
€ 545.19
₽ 5.09

ТШО Түркиядағы зілзала салдарынан Баку-Тбилиси-Джейхан бағытымен мұнай экспорттай алмай отыр

1 419 просмотра

«Теңізшевройл» Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан Баку-Тбилиси-Джейхан (БТД) бағыты бойынша мұнай экспортын бастай алмады. Бұл туралы БАҚ өкілдермен кездесуі барысында ТШО бас директоры Кевин Лион мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • «Қазір біз «ҚазМұнайГаз» компаниясымен арнайы бағытты анықтау мақсатында жұмыс істеп жатырмыз. Өйткені Теңізден теміржол арқылы мұнай жөнелтіледі. Өкінішке орай, Түркияда болған зілзала инфрақұрылым нысандары мен Джейхан терминалына әсер етті. Қазіргі уақытта бізде сынақ жөнелтілімдерін іске қосу мүмкіндігі жоқ, сондықтан маршрут әлі іске қосылған жоқ. Бұл бағытта мұнай тасымалдау мүмкіндігі туған сәтте бірден сынақтан өткіземіз», – деді ол.

    Бұған дейін, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан «Баку-Тбилиси-Джейхан» құбыры арқылы мұнай жөнелтілетіні туралы жазған едік.

  • 21 ақпан 2023, 16:34

    Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

    Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.