Атырау, 11 желтоқсан 05:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Махамбет ауылының өз киноафишасы бар

1 265 просмотра

Махамбет ауылында алғаш рет он орындық кинорум ашылды: күндіз ауыл балаларына балаларға арналған фильмдер мен мультфильмдер көрсетілсе, кешке киносүйер қауым әлемдік премьераларды тамашалайды.

Махамбет ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кинозал аудан орталығындағы «Бизнес-инкубатор» ғимаратында жұмыс істейді. Балалар билетінің құны – 800 теңге, ересектер үшін – 1200 теңге.

Осы бизнес-идеяны жүзеге асыру үшін кәсіпкер Әлібек ЖҰМАҒАЛИЕВ 1 миллион 225 мың теңге көлемінде өтеусіз грант алды.

– Осы сомаға жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қажетті құрылғыларды сатып алдым. Залды дайындап. Әзірге фильмдерді прокатқа алуға мүмкіндік жоқ, бірақ фильмдерді арнайы форматтағы, жоғарғы сапада ғаламтордан алып отырмыз. Келушілер саны артып жатса, әрине кең орынға көшкіміз келеді, - деді Ә.Жұмағалиев.

Кинозалға  келушілердің басым бөлігі оқушылар мен бүлдіршіндер. Әр аптаның сәрсенбі күні аз қамтылған отбасы балаларына тегін көрсетілім ұйымдастырылады. 

«АЖ» анықтамасы

Ауданда өткен жылдың қорытындысымен жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға берілетін грантты 30 адам ұтқан. Оның жартысы жастар болса, қалғаны әлеуметтік осал топтағы жандар.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Махамбет ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған суреттер

21 ақпан 2023, 17:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.