Атырау, 8 қараша 21:53
 дождьВ Атырау +4.5
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46

Түйе етінен консервілер өндіріледі

Сурет
1 934 рет қаралды

Исатай ауданы Жанбай ауылында «Бизнес бастау» бағдарламасы аясында «Нарын» атауымен ет пен шұжық өнімдері өңделіп, шығарыла бастады. Өндірілетін өнімдердің бірі - түйе етінен жасалған консервілер.

«Рыспай Құрасов» шаруа қожалығына қарасты «Темірлан» жеке кәсіпкерлігіндегі шағын цех заманауи техникамен жабдықталған және онда өнімнің оннан астам түрі дайындалады.

«Барлығы өте дәмді, ең бастысы – бәрі сапалы, жаңа сойылған еттен жасалады. Әзірше тауар тек аудан көлемінде шығарылып жатыр. Болашақта облыс және өзге қалалардан сұраныс түссе, өнімді тарататын боламыз», – дейді кәсіпкер Айнұр СИСЕКЕНОВА.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған суреттер

21 ақпан 2023, 17:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.