Атырау, 20 желтоқсан 23:53
 бұлттыВ Атырау -1
$ 524.02
€ 545.19
₽ 5.09

Мұнай саласының өткен жылғы қорытындысы туралы

1 273 просмотра

Теңіз кенішінің Келешек кеңею жобасы 2024 жылдың маусым айында іске қосылады деп жоспарлануда. Ол жылына қосымша 12 миллион тонна мұнай бермек. Оның құны - 46,7 миллиард доллар.

Сонымен бірге, 2022 жылы «ТШО» ЖШС республикалық бюджетке 4,55 триллион теңге салық (корпоративтік табыс салығы, экспорттық кедендік баж салығы және пайдалы қазбаларды өндіруге арналған роялти) төлеп, таза пайда 6 миллиард доллардан асты.

Осы және басқа да жайттар өткен жылғы жұмыс қорытындысы бойынша өткен ҚР Энергетика министрлігінің алқа мәжілісінде талқыланды. Жалпы, 2022 жылы мұнай өндіру көлемі 84,2 млн тоннаны құраса, оның 64,3 млн тоннасы экспортқа шығарылды. Биыл 90,5 миллион тонна өнім өндіру жоспарланса, оның 71 миллион тоннасы экспортқа жіберіледі.

Өткен жылы мұнай өнімдерін өндіру 13,7 млн тоннаны құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1 млн тоннаға артық. 53,2 млрд текше метр ілеспе мұнай газы өндірілді. 2023 жылы газ өндіруді 55 миллиард текше метрге дейін ұлғайтып, одан 28 миллиард текше метр тауарлық газ өндіру жоспарланып отыр.

Дайындаған Нұргүл БЕКБОЛАТҚЫЗЫ 

2 ақпан 2023, 15:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.