Атырау, 19 қараша 14:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

«ҚазМұнайГаз» АҚ-дағы жаңа тағайындаулар

2 104 просмотра

Бүгін, 1 ақпанда ұлттық мұнай компаниясында «тағайындаулар шеруі» болып жатыр.

«ҚМГ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының ірі жобалар (Қашаған, Теңіз, Қарашығанақ) жөніндегі орынбасары болып «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» директорының бұрынғы орынбасары Қуаныш Құдайбергенов тағайындалды. Ол желтоқсан айында өз еркімен жұмыстан кеткен Мұрат Мұңбаевтың орнына келді.

Басқарма төрағасының өндіру жөніндегі жаңа орынбасары – бұған дейін «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры қызметін атқарған Дәулетжан Хасанов. Ал оның алдында бұл қызметте болған Құрманғазы Есқазиев «ҚМГ ҰК» АҚ-ның Ақтау қаласындағы өкілдігінің директоры болып тағайындалды. Оның міндеттеріне, атап айтқанда, «Лукойлдың» Қазақстандағы теңіз жобаларын (Қаламқас-теңіз және Хазар) жүзеге асыру кіреді.

Төрағаның газ жобалары жөніндегі орынбасары – Серікқали Брекешев (бұрынғы экология министрі).

«KMGKashagan B.V.» ЖШС бас директоры болып Бақытжан Хасанов тағайындалды. Бұған дейін ол «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС-ін басқарған. Оның орнына Мәлік Сәлімгереев «ҚМГ Инжиниринг»-тің бас директоры болды.

Айтпақшы, бірнеше жыл бойы «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы» РМК-ны басқарған Ғалидолла Әзидуллин Экология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды. Ол Жайықтың тайыздануына қарсы нақты шаралар алады деп үміттенеміз.

Нұргүл БЕКБОЛАТҚЫЗЫ

1 ақпан 2023, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.