HALYKSOZI.KZ. «Крикуновтың соңғы мүмкіндігі»- Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы сәуір айында 1-дивизион бойынша әлем чемпионатына қатысады. Команданың міндеті – әлемнің кіл мықтылары өнер көрсететін Топ-дивизионға жолдама алу. Биылғы маусым басталар тұста шайбалы хоккей саласының басшылары бас бапкер В.Крикуновқа үш бірдей тапсырма берген.
«Дәлейұлының дәйексіз пікірі Оңғарсынованың абыройын төмендете алмайды» - «Оңғарсынованың «жеке меншігіне» айналған «Шабыт» фестивалі талантсыздарды асқақтатып, таланттыларды жерлейтін «табыт» фестивалі болып барады» деген тақырыпта, ақын Ұларбек Дәлейұлының сұхбаты жарияланған-тын. Газетіміз халықтың ой-пікірін еркін білдіруге мүмкіндік туғызатын ақпарат алаңы екенін ескере отырып, Дәлейұлының пікірлеріне қарсы уәж айтқан жас ақын Динара Мәліктің төмендегі мақаласын жариялап отырмыз.
MASA.KZ. «Қытай» деп жүріп «Кеденге» кірдік, «латын» деп жүріп қайда кірер екенбіз?» - Қазір қара орман қазақтың жалғыз ғана проблемасы бар. Ол - латын әліпбиі. Биылғы жылдың басты әңгімесі де осы болып тұр. Естеріңізде шығар, кезінде жұрт арасында «Қытай жалға жер сұрап жатыр» деген қауесет тарап, бүкіл қазақ өре түрегеліп, соны талқылап жүргенде, Кедендік одақ дейтін кесірлі тұзаққа қалай мойынымызды ілгенімізді білмей қалғанбыз.
EGEMEN.KZ. «Пхеньян Сеулге ерегісіп, ортақ аймақтағы зауыттарды жауып тастады» - «Егер қуыршақ-сатқындар біздің арымызға тиіп, намысымызды таптауын қоймаса, біз аянбай Кэсонды жауып тастайтын боламыз». Солтүстік Корея басшылығының мемлекеттік телевидение арқылы жеткізген мәлімдемесі осындай ой тарқатты. Бұл туралы бүгін «Еуроньюс» хабарлады.
KAZAKZAMAN.KZ. «Кінәлі гендерлік саясат па, үкімет пе?» - Гендерлік саясаттың жемісі, бәлкім «жеңісі» болар, еліміздегі аналар-дың зейнеткерлік жасы ерлермен «жағаласып» қатар тұрар күн таяу. «Жұмақ ананың табанының астында» деп жүргенімізде, ала-шапқын болып аналардың зейнеткерлік жасымен «алысып» кеткенімізге жөн болсын дейміз-дағы!
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы тарифінің шегі бар ма?» - Халық арасында жүргізілген сауалнаманың қорытындысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы тарифінің өсуі бүгінгі күнгі ең үлкен мәселеге айналғанын көрсетті.
AIKYN.KZ. «Бұл – Фейсбук. Бірақ...» - Фейсбук – әлемдегі ең ірі әлеуметтік желі. Оны 1 миллиардтан астам адам қолданады. Қазақстандағы әлеуметтік желілердің арасында «Facebook» «Мail.ru-дың» «Мой Мирынан» кейінгі екінші орында. Осы мақала арқылы «Фейсбуктың» мысалында әлеуметтік желілер жайлы көпшіліктен жасырын және шынайы ақпараттар мен зерттеулерді беріп отырмыз.
«Ұятымыз ояна бастады» - Жалаңаш қыздар бұдан былай оқушы дәптерлері мен күнделіктерінде «әбүйірлі жерлерін бұлтитып» тұрмайды! Мәжіліс депутаттары мен Үкімет өкілдері қатысқан жұмыс тобы кешегі отырысында арнайы заңның осыған тыйым салатын бабын түпкілікті мақұлдады. Парламент қарап жатқан «Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян тигізетін ақпараттан қорғау туралы» заңының жобасы басқа да тың жаңалықтарға толы.
NAMYS.KZ. «Ғалым Сүлеймен. «Ты что, левша?». «Нет, я – Ермахан!» - Қазақстан спорты тарихында өшпес із қалдырған азаматтардың бірі –Ермахан Ыбрайымов. Ол ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында үлкен спорттан қол үзіп кетті. Қырағы бапкер Тұрсынғали Еділов жас жігіттің бойындағы зор талантты байқап, жаттығу залына алып келді. Екі жылға созылған үзілістен кейін шаршы алаңға қайта көтерілген Ермахан көп ұзамай Қазақ елінің мақтан тұтар батырына айналды.
«Аманжол Жанбота. Жириновский сияқты жауыздардың жазасын кім береді?» - Менің алаңдайтыным, тұғыры биік һәм тұғыры ниһаятсыз, яғни тұғыры шексіз қазақтың мазаққа айналған хал-жағдайы. Бір тоқтының жүнінен бір жапырақ тоқылатын болса, ол алдымен қазақтың да үстінен табылмады. Қара қиындықты сонау зар заманның төңірегінде басынан өткерген қазақтың ержүректігі қайда кетті?! Қазақ сорлы өзді-өзімен қырылысып, бәрінен де аузын ашып қалып жатыр.
AZATTYQ.ORG. «Қырғыз президенті бас прокуратурада жауап берді» - Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев депутат Садыр Жапаровтың айыптауына байланысты елдің бас прокуратурасында түсінік берді.