Атырау, 20 желтоқсан 23:56
 бұлттыВ Атырау -1
$ 524.02
€ 545.19
₽ 5.09

«Қаражанбасмұнай» АҚ бас директоры ауысты

2 328 просмотра

Нұрсейіт Союнов «Қаражанбасмұнай» АҚ бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. Бұған дейін бас директор лауазымыy Ли Тицян (суретте сол жақта) атқарған болатын.

«Қаражанбасмұнай» АҚ (әрі қарай - ҚБМ) Директорлар Кеңесі шешімімен ҚБМ Бас директоры – Басқарма төрағасы болып Союнов Нұрсейіт Жомартұлы тағайындалды. Жаңа басшыны компания ұжымына «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Ақтау қаласындағы өкілдігінің атқарушы директоры Есен Өтеев таныстырды.

Нұрсейіт Союнов 1978 жылы 26 тамызда дүниеге келген. Ш.Есенов атындағы университетті «Тау-кен инженері» мұнай және газ кен орындарын игеру мамандығы бойынша бітірген. «Мұнай-газ бизнесін басқару» мамандығы бойынша іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесіне ие. Еңбек жолын 2001 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ-да оператор болып бастаған. Әр жылдары «Өзенмұнайгаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС, «ОралОйлэндГаз» ЖШС-де басшылық қызметтер атқарды.

2019 жылдан бері ҚБМ Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, 2022 жылдың 26 желтоқсанынан бері Бас директордың міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.

9 қаңтар 2023, 18:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.