Атырау, 18 желтоқсан 21:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Ядролық соғыс қаупi». «Апатқа ұшқыштар кінәлі ме?». «“Өзбекстанда билiк бөлу басталды”». «Ақорда ақ батасын берсе, “Руханият” пен “Әдiлет” ортақ отау құрмақ». «Еңбек министрі: 63 жасты неге көп деп ойлайсыздар?».

2 760 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Кибершабуыл туралы нұсқаулық шықты» - 20 кәсіби заңгерден құралған халықаралық сарапшылар тобы бірнеше жыл бойы Женева және Гаага конвенциялары мен БҰҰ-ның жарғысын ақтарып, ​​нәтижесінде 300 беттен тұратын «Таллин нұсқаулығын» жазып шықты. Онда кибершабуыл кезінде қолда бар заңға сүйеніп, қандай әрекет етуге болатыны талданған.

ALASHAINASY.KZ. «Қазақ баласын қайырымдылыққа шақыратын волонтерлер керек» - Қазір көптеген елдер­де ерекше маңызды шара­лар волонтерлердің араласпауынсыз өтпейді. Кез келген айтулы шара­ның басы-қасында қоғам игілігі үшін барын салып, әр іске үлес қосуға дайын тұратын альтруист азаматтар жүреді. Бойын­да патриоттығы бар, ел дамуына үлес қосқысы келе­тін азаматтар Қазақ­стан­да да бар. Алайда, өкінішке қарай, олардың ұйымдасуы, жұмыс жасау механизмі әлі жолға қойылмаған.

«Қазақстан авиациясы «қара тізімнен» қашан шығады?» - Мәліметтерге сүйенсек, 2008-2013 жылдар аралығында 21 авиациялық оқиға орын алған. Оның 15-і ұшу техни­ка­сын бұзу, яғни адам факторының салдары­нан орын алып отыр. «Осыған орай, ұшу­лар­да адам факторынан болатын жағдай­ларды төмендету мақсатында ұшу қауіп­сіздігін қамтамасыз ету және қауіпсіздік жұмысын қадағалау үшін былтыр Үкімет басшысының өкімімен ИКАО аудитінің ескертпелерін жою жөнінде ведом­ство­аралық жоспар бекітілген. Сонымен бірге ИКАО-ның (Халықаралық азаматтық авиа­ция ұйымы-авт.) Техникалық ынты­мақ­тастық бюросымен техникалық және кеңес беру туралы келісім жасалды», – дей­ді Асқар Жұмағалиев.

«Бетін сылап-сипағаннан жол «жарасы» жазыла ма?» - Мемлекет қаржысын сүліктей сорып келе жатса да, Алматы қаласы жолдарының жыры бітер емес. Тақтайдай тегіс жолды айтпағанда, ой-шұңқыры жоқ жолға бір жете алмай-ақ қойдық. Неге екенін қайдам, биыл жасалған жол келесі жылы жөндеуді керек етіп тұрады. Ал қала басшыларының пайымдауынша, бұған климат кінәлі екен.

AIKYN.KZ. «Қош енді, қош бол, Алтынай!» - Арада апта айналғанда небәрі 41 жасында жұлдыздай ағып түскен жасын ғұмыр бұл пәнимен амалсыз қош айтысты. Он төрт баланың тоғызыншысы болып, ата-әже­сінің қолында ерке өскен Алтынайды сенбі күні туыстары туған жері Жезқазанға алып кетті. Бір топ әріптестері мен достары оңтүстік астанадағы №12 қалалық емха­наның алдында жиналып, мәңгілік мекеніне шығарып салды.

«Апатқа ұшқыштар кінәлі ме?» - Отандық әуе компанияларының қыз­метін белсенді пайдаланатын қалаулылар олардың «нашар жақтары» ретінде «авиа­билеттердің қымбат болуын», «бәсеке­лес­тіктің дамымауын», «қанағат­тан­дыр­май­тын сервисті», «рейстердің жүйелі ке­ші­­гуін» атады. Сондай-ақ «отын база­сының жетіспеушілігі» кесірінен кейбір әуе компаниялары ұшақтарға аз керосин құяды екен. Бұларға «жөндеу жүргізетін базаның болмауы» және «әуежай инфра­құ­рылымының дамымай қалуы» сияқты «шешімін таппай қалып жатқан» проб­ле­малар қосылғанда, қазақстандық әуе кө­лік­терінің неге алысқа қанат қаға алмай отырғаны түсінікті болады.

ZHASALASH.KZ. «Ядролық соғыс қаупi» - Солтүстiк Корея билiгi 30 нау­рыз күнi Оңтүстiк Кореямен арадағы “соғыс жағдайына” көшетiнiн айтып, Сеул тарапынан қандай да бiр арандату жасалса, әскери iс-қимылды бастайтынын мәлiмдедi. Мұны көпшiлiк ақпарат агенттiктерi “Солтүстiк Корея Оңтүстiк Кореяға соғыс жариялады” деп қате аударып жiбердi. Десек те коммунистiк мемлекеттiң бұл жолғы мәлiмдемесi қатқыл шықты. Корей түбегiндегi Сеул мен Вашингтонның бiрлескен оқу-жаттығу қимылдарына шүйлiккен Пхеньян өз зымырандарын Перл-Харбор, Вашингтон мен Тынық мұхиттағы әскери базаларға бағыттап қоюға тапсырма бердi. 

«“Өзбекстанда билiк бөлу басталды”» - Өзбекстан ұлттық қозғалысының жетекшiсi Каримовтiң отбасының бiраз құпиясына қанық сияқты. Өйткенi қозғалыстың сайтына мынадай ақпарат жариялапты: “Наурыздың 19-ы күнi Ислам Каримов қызы Гүлнарамен қатты сөзге келiп қалған. Оған себеп – өзбек­тiң арнайы қызметiнiң Гүлнараға қатысты жиған-терген компроматтары. Гүлнараның не iстеп жүргенiн, кiмдермен төсектес болғанын түгел зерттеген ғой. Әрине, мұны Гүлнараны масқаралау үшiн емес, сыртқы жаулардан қорғау үшiн iстеген. Әл­дебiр топтар Ресейдiң бұқаралық ақпарат құралдарына Гүлнараның “жүрiс-тұрысы” жайлы материал жариялатып, Каримовтiң отбасын масқаралатпақ болыпты. Өзбектiң чекистерi осының алдын алуға әрекеттенген.

«Ақорда ақ батасын берсе, “Руханият” пен “Әдiлет” ортақ отау құрмақ» - “Руханият” пен “Әдiлеттiң” тағдыры халықтан алшақ жатқан сонау Астананың төрiндегi Ақордада талқыланып жатқан сыңайлы. Ондағы саясаттың жiлiгiн шағып, майын iшетiндер дәл осы екi партияның бiр тудың астына бiрiгу жолын ұйымдастырып жатыр деседi.

BNEWS.KZ. «Еңбек министрі: 63 жасты неге көп деп ойлайсыздар?» - Бүгін Үкімет отырысынан соң әйелдердің зейнетке шығу жасын ұзарту мәселесі бойынша өз ойын білдірген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов журналистердің сұрағына осылай кері сауал жолдады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

HALYKSOZI.KZ. "Болат ЖЫЛҚЫШИЕВ, Сенат депутаты: «Қолында қаржысы жоқ әкімнің халық алдында беделі де болмайды»".

EGEMEN.KZ. «Түрме – жетіскеннен отыратын жер емес» - Әлбетте пробация және электронды құралдарды пайдалану көптеген елдерде өзін жақсы қырынан танытты. Мәселен, Дания, Швеция, Финляндия, Норвегияда пробация қызметі бас бостан­дығын айырумен байланысты емес қылмыстық жазасын өтеушілермен жұмыс істеп, олардың қоғамға оралуына көмегін тигізеді. Жалпы, бұл елдерде қылмыс деңгейі төмен.

ABAI.KZ. «Кім қалай азат етті?» - Ұлттық бірыңғай Тестілеудің (Қазақстан тарихы бойынша) сұрақтарын шолып отырғынмын. Сөйтіп отырғанымды «Солтүстік және Шығыс Қазақстанды азат еткен Шығыс майданның 5-армиясының  жетекшісі» деген сұрақ шықты. Жауабын 11-ші сынып оқушыларының барлығы бірауыздан айта алады: М. Тухачевский. («Елімізді азат еткен батыр Тухачевский!»)

MASA.KZ. "«Атаманның» ақыры немесе «Ұрлық түбі – қорлық»" - Адамның тағдыры қызық қой. Көбіне өзгеге қазған орға өзі түсіп жатады. Өзекті пенде Борис Абрамұлы да қаншама айлакер, қаншама арамза болса да, құдайдың құрығынан құтыла алмады.

ZHEBE.COM. "Азер Хасрет: «Біз қателестік, Сіздер қателеспеңіздер!»" - Қазақстанның 2025 жылы латын әріпіне  көшетіндігі белгілі болған соң, қазақ қоғамында  түрлі дау-дамайлардың өршігені белгілі. Қазақтардың  латын әліпбиіне көшуге бел бууына байланысты бауырлас  түрік тектес  халықтардың  зиялылары да түрлі пікірлерін білдіре бастады. Солардың бірі әзірбайжандық  ғалым Азер Хасрет.

JANAOZEN.NET. «Тағы бір әділетсіз сайлау «Нұр Отан» жеңісімен аяқталды» - 31 наурыз күні бүкіл Қазақстан бойынша мәслихаттан шығып қалған депуттардың орнына сайлау өтті. Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек болмады. Өзге партияның бәрін шаң қаптырып, билік партиясы қайта жеңіске жетті.

2 сәуір 2013, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.