Атырау, 3 қазан 07:40
 бұлттыВ Атырау +23
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Мәжіліс "Елбасы" мәртебесін алып тастау туралы заң жобасын жұмысқа алды

1 152 просмотра

ҚР парламенті мәжілісінің депутаттары 28 желтоқсанда палатаның жалпы отырысында Нұрсұлтан Назарбаевты "Елбасы" мәртебесінен айыруды қарастыратын заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мұндай норма "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы" ҚР конституциялық заңының жобасында жазылған.

Оны Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов таныстырды. Ол бұл заң жобасы республикалық референдум қорытындылары бойынша ел Конституциясына енгізілген өзгерістерді іске асыру мақсатында әзірленгенін айтып, әріптестерінен Заң жобасын қарау үшін жұмысқа алуды өтінді.

Үстіміздегі жылғы 8 маусымдағы  Заңмен Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады деген норманы көздейтін Ата Заңның 46-бабы 4-тармағы алынып тасталды. Осыған байланысты, бұл заң жобасымен құқықтық негіздің жоқтығын ескере отырып, тиісті Конституциялық заңның күшін жою көзделеді. Заң жобасын қарау үшін жұмысқа алуды ұсынамыз.Арман Қожахметов

2022 жылғы 16 маусымда Қазақстан Республикасы парламенті сенатының отырысында Әділет министрі Нұрсұлтан Назарбаевтың "Елбасы" мәртебесі жөніндегі Конституциялық заң күшін жоятынын мәлімдеді.

28 желтоқсан 2022, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.